VII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі
14-15 қыркүйек аралығында Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтеді. Оған 50 мемлекеттен 100-ден астам делегация қатысады деп жоспарланған. Сондай-ақ съезге Рим папасы Франциск те келеді деп күтіліп отыр.
І съезд 2003 жылы қыркүйекте елордада өтті. Дін көшбасшыларының II съезі жаңа ғимарат – Бейбітшілік және келісім сарайында басталды.
Ал 2009 жылы өткен үшінші съезге әлемнің 35 елінен 77 делегация қатысты. Араға үш жыл салып, IV съезд 2012 жылдың мамырында өткізілді. Ал 2015 жылы өткен съезд «Бейбітшілік пен даму мақсатындағы діни лидерлер мен саясаткерлер арасындағы диалог» тақырыбына арналды. Ал соңғы рет өткізілген VI съезд 2018 жылдың қазанында өтті.