• Sep 30 2023 - 16:57
  • 157
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

Иран сияқты әдемі елді көрмедім...

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің оқытушысы Жолдасбекова Ақбота Иранның туристік және мәдени көрікті жерлерін сипаттай келіп: «Мен көптеген елдерді аралағаныммен, Ирандай әдемі ел көрмедім» - деп келтірді.

28 қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күніне орай ИИР-ның ҚР-дағы өкілетті елшісі Али Акбар Джокар мен мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матиннің, көрнекті қазақстандық ирантанушы, ЕҰУ оқытушысы Жолдасбекова Ақботаның, Ирандық Qeshm Air әуекомпаниясының өкілі Мофиди мырзаның  және Қазақстандық түрлі туристік агенттіктерінен келген қонақтардың қатысуымен салтанатты шара өтті.

Еліміздің Қазақстандағы елшісі бұрынғыдай Дүниежүзілік туризм күнінде мұндай кездесудің өткізілгеніне риза екенін білдіре отыра, екі елдің, Иран мен Қазақстанның ортақ тұстарына назар аударып, екі ел арасындағы туризм индустриясына көбірек көңіл бөлу қажеттігін баса айтты.

Елші мырза екі елдің де көрікті жерлері көп екенін, бірақ қанша тырысқанымен екі ел тұрғындарының бір-бірін, екі елдің көрікті жерлерін аз білетінін алға тартып, екі ел арасындағы туристік визаны алып тастау мәселесін көтерді. Сонымен қатар, ол бұл екі елдің азаматтары үшін болашақта Қазақстаннан Иранға және керісінше туристік бағыттарын жоспарлауға жақсы мүмкіндік деп санады.

Қазақстанның көрнекті ирантанушыларының бірі Ақбота ханым Иранда өмір сүрген төрт жылдық тәжірибесімен бөлісті. Ол Иранның туристік және мәдени көрікті жерлерін сипаттап: «Көптеген елдерді аралағаныммен, Ирандай әдемі ел көрмедім» - деп атап кетті. Әсіресе, Иранның табиғатына, Иранның көне және тарихи еңбектеріне, ирандық тағамдарға және ирандықтарға назар аударып, оларды ешбір елмен салыстыруға келмейтінін алға басты.

Бұл қазақстандық ирантанушы иран халқының мінез-құлқына тоқталып, кешке жиналған қауымға: «Мен осы төрт жыл ішінде олардан өзімді бөлек сезінбегендей, Иранда және ирандықтардың арасында ешқашан өзіңізді бөтен сезінбейсіз» - деп жеткізді.

Келесі сөз Ирандық Qeshm Air әуекомпаниясының өкілі Мофиди мырзаға берілді. Туризм саласындағы атқарған 30 жылдық тәжірибесін алға тарта отыра, осы саладағы жетістіктері туралы, әсіресе, Каспий теңізінің жағасында орналасқан Ақтау қаласынан Иранға және Ираннан осы қалаға алғаш рет жасалған туристік турға қатысты сөз сөйледі. Бұл жобаның сәтті өткеніне және Ақтау қаласындағы ирандық туристер санының артуына тоқталып, ол салтанатты шараға қатысқан қазақстандық туристік компаниялардың өкілдеріне Иранның көптеген туристік орындарын, қонақүйлерді, сауда орындарын және Иранға бір апталық сапар шығындарын сипаттап, түсіндіру арқылы оларды осы салада ынтымақтастыққа шақырды.

Айта кетерлігі, әңгіме арасында қонақтарға тарихи және табиғи орындар, қолөнер, дәстүрлі музыка және иран тағамдары туралы әдемі бейнероликтер көрсетілді.

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

[Көбірек]

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: