Page Number :1
Астана мәдени өкілдігі жаңалықтары
Иран елшісі мен мәдени істер жөніндегі кеңесшінің ҚР Ғылым және жоғары білім министрімен кездесуі
ИИР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әли Акбар Джокар, мәдени істер жөніндегі кеңесші Әли Акбар Талеби Матин Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясатпен кездесіп, әңгімелесті.
ИИР Елшісінің ҚР Мәдениет және спорт министрімен кездесуі
Иран Ислам Республикасының Астанадағы елшісі Али Акбар Джокар Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловпен кездесіп, әңгімелесті. Бұл кездесуге мәдени істер жөніндегі кеңесші Әли Акбар Талеби Матин де қатысты. Иран мен Қазақстанның мәдени, діни және тарихи ортақтығына тоқталған елшісі, елшіліктің Қазақстанмен бірлескен мәдени іс-шаралар өткізуге дайын екенін мәлімдеді.
Иран мен Қазақстан арасындағы мәдени ынтымақтастықты арттыру салаларын зерттеу
Ислам мәдениеті мен байланыс ұйымының Азия және Тынық мұхиты елдері мәдениетінің бас директоры мен еліміздің Қазақстандағы елшісі арасындағы кездесуде екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты арттыру бағыттары талқыланды.
«Имам Хомейнидің (р.а.) Ислам әлемінің бірлігі мен ынтымағын құрудағы рөлі» атты конференция өтті
Иранның Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстандағы мәдени өкілдіктері мен әл-Мұстафа (ғ.с.) университетінің Орталық Азиядағы аймақтық бақармасының әріптиестігімен «Имам Хомейнидің (р.а.) Ислам әлемінің бірлігі мен ынтымағын құрудағы рөлі» атты онлайн конференция өтті.
Тегеран медицина ғылымдары университетінің делегациясы Астана медицина ғылымдары университетінің ресми өкілдерімен кездесті
Бұл кездесуде Астана медицина университетінің стратегиялық зерттеулер және даму жөніндегі проректоры Виталий Викторович Койков ирандық делегациямен кездесуге ризашылығын білдіре отырып, арадағы ғылыми байланыстарды арттыру қажеттігін атап өтіп, осы жолдағы мүмкіндіктерді санамалады.