Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Шығыстанушыларды ұлттық мүдделер контекстіне даярлау» атты оқу-әдістемелік мәжілісі өтті.
2024 жылдың 28 ақпанында Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Шығыстанушыларды ұлттық мүдделер контекстіне даярлау» атты оқу-әдістемелік мәжілісі өтті. Мәжіліске ҚазҰУ ұстаздары, профессорлар, Шығыстану факультетінің деканы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нен келген ұстаздар, Иран Ислам Республикасы Бас Консулдығы жанындағы Мәдени Орталық директоры, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты қызметкерлері, «Шинхан Банк Қазақстан» өкілі және басқа да қонақтар мен студенттер қатысты.
2024 жылдың 28 ақпанында Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Шығыстанушыларды ұлттық мүдделер контекстіне даярлау» атты оқу-әдістемелік мәжілісі өтті. Мәжіліске ҚазҰУ ұстаздары, профессорлар, Шығыстану факультетінің деканы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нен келген ұстаздар, Иран Ислам Республикасы Бас Консулдығы жанындағы Мәдени Орталық директоры, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты қызметкерлері, «Шинхан Банк Қазақстан» өкілі және басқа да қонақтар мен студенттер қатысты.
Мәжілісті ҚазҰУ базасындағы оқу-әдістемелік бірлестігі төрағасының орынбасары, Академикалық мәселелер жөніндегі проректор Еркінбаева Ләззат Қалымбекқызы ашып берді. Артынша «Кәсіби аудармашылар және аудармашы компаниялар қауымдастығының» бірінші басшысы Алиева-Тюфек Кульшан Эйвазгызы өз қауымдастығын және жұмыс тәртібімен таныстырған соң, Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ҚЕАҚ және Кәсіби аудармашылар және аудармашы компаниялар қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Одан соң Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтынан өкілі сөз сөйледі. Қазіргі таңда институтта 20 магистрант пен 15 докторант білім алып жатқанын тілге тиек етіп, өз ұсыныстарын да айта кетті:
- Арабтану, ирантану, жапонтану, қытайтану және т.б. оқу бағдарламалары бойынша студенттерді оқуға қабылдау;
- Фараби атындағы ҚазҰУ және Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты арасындағы PhD диссертациялық кеңесін ашу;
- Фараби атындағы ҚазҰУ және Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты арасындағы ғылыми жоба жасау.
Сосын, ҚР Жапониядағы Елшілігінің кеңесші уәкілі, PhD, Токио әлемдік тілдер университетінің шақыртылған оқытушысы Құрмансейіт Батырхан «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жапонтанушыларды даярлаудың ерекшеліктері туралы» баяндамасын оқыды. Баяндама өзекті мәселелерді, атап айтқанда, аудармашылардың болашағы, студенттерді қаржылай қамтамасыз ету жайлы қозғады. Сосын Жапондық не болмаса оқытылып отырған елдің саясаттанушы, сарапшы, аналитик мамандарын сол тілден аударма жасап үйрену өте маңызды екендігін де айтты.
Келесі «Шинхан Банк Қазақстан» өкілі Жақсыкелдинов Нариман Мақсатұлы «Shinhan Way» жобасын таныстырып, Банк пен ҚазҰУ 14 жылдан бері бірге жұмыс жасап келе жатқандығын айтып, «Шинхан Банк Қазақстан» стипендияларын Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті студенттеріне табыстады.
Сосын Иран Ислам Республикасы Бас Консулдығы жанындағы Мәдени Орталық директоры – Ағазаде Хосейн Фараби атындағы КазҰУ мен Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Мәдени өкілдігінің ирантанушыларды даярлау жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы айтып, қазақ балаларын Иранға бакалавр, магистратура және докторантураға оқуға жібере алатынын бөлісті.
Одан соң қатысушылар өз баяндамаларын оқып шықты:
- Орхидский Св.Климент атындағы София университеті ғылым докторы, классикалық, жане қазіргі заманғы филология факультетінін деканы - Петкова Гергана «Св.Климент Орхидский атындағы София университетінде шығыстанушыларды даярлау туралы»
- Шығыстану кафедрасының менгерушісі, Новосибирск ұлттық зерттеу мемлекеттік университетінін «Шығыстану жане африканистика» бағытынын жетекшісі – Войтишек Елена Эдмундовна «Шығыстану және африкатану бағытындагы мамандарды даярлау туралы»
- Н.П. Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік ғылыми-зерттеу университеті шет тілдері факультетінің деканы - Буренина Наталья Викторовна «Н.П. Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік ғылыми-зерттеу университеті мен Фараби атындағы КазҰУ-нің қазіргі заманғы қытайтанушыларды даярлаудағы өзара ынтымактастық туралы»
- Филология ғылымдарынын докторы, Л. Н.Гумилев атындағы ЕҰУ шығыстану кафедрасы профессорының м.а. - Төлеубаева Самал Абайқызы «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Шығыстану білім беру бағдарламасын іске асыру туралы»
- Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар жане әлем тілдері университеті шығыстану факультетінің деканы - Қағазбаева Эльмира Маратқызы «Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар жане әлем тілдері университетіндегі Шығыстану білім беру бағдарламасын іске асыру туралы».
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің деканы - Ем Наталья Борисовна «Әл-Фараби атындағы КазҰУ-де Шығыстану білім беру бағдарламасын іске асыру тәжірибесі туралы».
Әрі қарай ұсыныстар жайлы пікірталас басталды. Пікірталаста аса қызу талқыланған мәселе «Шығыстану мамандығына магистратура немесе докторантураға түсерде талапкер міндетті түрде шығыс тілін білуі керектігі» болды. Тест тапсырғанда міндетті түрде ағылшын тілінен емтихан боалды, ал шығыс тілінен болмайды. Қазіргі таңда ондай тест тек араб тілінен ғана тапсырылады. Келесіде осы мәлесе бойынша министрлікке хат жолданатын болады.