Page Number :1

Алматы жаңалықтар

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 80 жылдығына арналған «Отандық тарих ғылымы және сабақтастық мәселелері: академиялық ізденістер мен жаңа тәсілдер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2025 жылғы 26 қыркүйекте Алматы қаласында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 80 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ғылым ордасында Иран кинематографиясы мен қолөнерінің ерекше кеші өтті

Ғылым ордасында Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы мен Мәдени орталығының ұйымдастыруымен «Иран кино және өнері түні» мәдени іс-шарасы өтті.

ҚР Ұлттық кітапханасында парсы тілі курсы ашылды

2025 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Иран Мәдени орталығының қолдауымен парсы тілі курсы өз жұмысын бастады.

Мейірім пайғамбары: Мұхаммедтің (с ғ с ) ғаламдық мұрасы және оның қазақ руханиятындағы көрінісі

Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) 2025 жылды Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) туғанына 1500 жыл толуына арналған мерейтой жылы деп жариялады. Бұл – тек тарихи дата емес, бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтарды қайта еске салып, әділетті, бейбіт болашақ құруға үндеу. Пайғамбардың (с.ғ.с.) ғибратты өмірі – мейірім, кішіпейілділік, әділдік пен даналықтың үлгісі. Оның жолдауы уақытпен шектелмейді, әр дәуірде өзекті болып қала береді.

Иран Ислам Республикасының спорттық құзға өрмелеу ұлттық құрамасының Алматы сапары

Иран Ислам Республикасының спорттық құзға өрмелеу ұлттық құрамасы Азия кубогына қатысу мақсатында Алматы қаласына келді. Халықаралық деңгейде өткен бұл жарыс үш күнге созылып, спортшылардың шеберлігі мен дайындық деңгейін сынаған маңызды дода болды. Жарыс Алматы қаласының көрнекті орындарының бірі – Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы «Шабыт» амфитеатрында өтті.

ҚР Ұлттық кітапханасында  «Абай әлем тілдерінде» атты әдеби-сазды кеш өтті

8 тамыз 2025 жылы ҚР Ұлттық кітапханасының Әлем әдебиеті залында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай әлем тілдерінде» атты халықаралық деңгейдегі мәдени жиын өтті. Бұл шараға Қазақстан мен шетелдің абайтанушы ғалымдары, әдебиеттанушылар, аудармашылар, шығармашылық және ғылыми қауым өкілдері, сондай-ақ Ресей, Қытай, Корея, Иран, Үндістан, Түркия секілді бірнеше елдің дипломатиялық миссияларының қызметкерлері қатысты.

Шетелдегі ирандықтарға Пезешкианның жолдауы Обращение Пезешкяна к иранцам, проживающим за границей پیام پزشکیان به ایرانیان مقیم خارج از کشور

Президенттің мәтіндік жолдауы төмендегідей: Құрметті, парасатты және жағдайды түсінетін Иран халқы! Еліміз үлкен сынаққа тап болған кезде, халық осы елдің негізгі иелері ретінде бұл жердің соғып тұрған жүрегі екенін көрсетті. Бұл төзімділік, қолдау мен демеу бүгінде көрінуге, естілуге және алғысқа лайық, сондай-ақ, шын мәнінде, жауаптылардың жауапкершілігін бұрынғыдан да ауырлата түсіп, нақты үміттер тудырды.

Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығында көңіл айту кітабы ашылды

Израильдің Иранға жасаған соққыларының салдарынан қаза тапқандардың рухына және зардап шеккен жазықсыз жандарға тағзым ету мақсатында 2025 жылғы 30 маусымда Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығында Көңіл айту кітабы ашылды.

Ирандық жазушы қазақстандық студенттерге әңгіме жазу әдісін үйретті

Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде профессорлар мен студенттердің қатысуымен шығыс әдебиетіне негізделген әңгіме жазу шеберлік сабағы өтті.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: