• Feb 9 2026 - 02:46
  • 4
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

Иран Ислам Республикасының Ұлттық күні және Ислам революциясының 47 жылдығы мерейтойы

Иран Ислам Республикасының Ұлттық күні және Ислам революциясының 47 жылдығы мерейтойы

2026 жылғы 9 ақпанда Алматы қаласындағы «InterContinental Almaty» қонақүйінде Иран Ислам Республикасының Ұлттық күніне және Ислам революциясының 47 жылдығына арналған салтанатты қабылдау кеші өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық миссия өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, профессор-оқытушылар құрамы, ирандық және қазақстандық бизнес қауымдастық өкілдері, серіктестер мен өзге де құрметті қонақтар қатысты.

Салтанатты кеш қонақтарды қарсы алудан басталды. Қонақтарды Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Сона Ахмади ханым қарсы алып, әрқайсысына ілтипат білдірді.

Ресми бөлім Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының мемлекеттік әнұрандарын орындаумен ашылды. Одан кейін сөз алған Сона Ахмади ханым жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, Иранның Ислам революциясынан бергі жетістіктері мен елдің әлеуметтік-экономикалық, ғылыми және мәдени дамуындағы маңызды кезеңдерге тоқталды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Иран арасындағы достық қарым-қатынастың жылдан жылға нығайып келе жатқанын атап өтті.

Келесі кезекте сөз алған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Жәнібек Әбдірашов мырза да жиналғандарды мерекемен құттықтап, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың табысты дамып келе жатқанын айтты. Ол Қазақстан мен Иран ынтымақтастығының болашағы зор екенін ерекше атап өтті.

Мерекелік бағдарлама аясында Ираннан арнайы келген «Дарвак» музыкалық тобы ұлттық аспаптарда дәстүрлі иран әндерін орындап, кештің көркін қыздырды. Көрермендер иран халқының бай мәдени мұрасын айшықтайтын әсерлі музыкалық қойылымды зор ықыласпен қабылдады.

Сондай-ақ кеш барысында Иранның дәстүрлі батырлар спорты – «Зурхане» өнері көрсетілді. Бұл ерекше өнер түрі қонақтардың қызығушылығын оятып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Қатысушылар иран халқының ұлттық өнері мен салт-дәстүріне тәнті болды.

Іс-шара соңында қонақтарға арнайы жайылған дастарханнан дәм ұсынылды. Еркін форматтағы бейресми әңгімелесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ниетті екендіктерін білдірді.

Осылайша, мерекелік кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жылы әрі достық атмосферада өз мәресіне жетті.

Almaty Kazakhstan

Almaty Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: