Page Number :2

Алматы жаңалықтар

Иран Мәдени орталығы «Ұлы Жібек жолы бойымен» атты XII Қазақстандық халықаралық кітап және полиграфиялық көрмесіне қатысты

20–22 қараша аралығында Алматы қаласындағы «Атакент-Экспо» кешенінде өткен «Ұлы Жібек жолы бойымен» атты XII Қазақстандық халықаралық кітап және полиграфиялық көрмесі – мәдениет, білім және өнер саласында маңызды оқиғалардың бірі болды. Жыл сайын өтетін бұл көрме түрлі елдердің заманауи кітаптарын кеңінен таратуды, білім беру және шығармашылық жетістіктерін кеңінен таныстыруды, баспагерлер мен полиграфистер арасында тәжірибе алмасуды мақсат етеді.

Сіздер қазір тарихтың дұрыс жағында тұрсыздар

Имам Хаменеи АҚШ университеттерінде Палестина халқын қолдайтын ұжданы ояу америкалық студенттерге хатында олардың антисионистік наразылықтарына тілеулестік білдіріп, оларды қарсыласу өзегінің бір бөлігі деп атап, Батыс Азия аймағының тағдыры мен жағдайының өзгергеніне тоқталып, әлем тарихында жаңа тарау басталғанын айтты.

Парсы тілінен тілдік олимпиада болып өтті

27 сәуір, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде студенттер арасында парсы тілінен олимпиада өтті. Олимпиадаға ҚызПУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері қатысты.

 жылдығы мерекесі аясында Сағди күніне арналған әдеби кеш өтті

19 сәуір күні Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығы мерекесі аясында Сағди күніне арналған әдеби кеш өтті. Әдеби кешке Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Мохсен Фағани, Тәжікстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Равшан Бобохонзода, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы жанындағы Мәдени орталық директоры Хоссейн Ағазаде, «Тұран-Иран» зерттеу орталығының директоры Ислам Жеменей, Шығыстану факультеті деканы Наталья Ем, сонымен қатар профессор-оқытушылар, шығыстанушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. Шығыстану факультетінің деканы Наталья Ем Сағди Ширази шығармашылығына тоқталып, ақынның «Гүлстан» және «Бустан» шығармаларына ерекше тоқталды.

Парсы тілі студенттері арасында өтетін тілдік Олимпиадаға шақыру

Олимпиадаға Парсы тілін екінші тіл ретінде оқитын барлық мамандықтардан Қазақстанның кез келген университетінде оқитын студенттер қатыса алады.

Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығы аясында «Сағди күніне арналған әдеби кешке» шақырамыз

Өтетін орны: Қарасай батыр көшесі 95А, 4-қабат, 453 ауд. 18 сәуір, 2024 жыл, сағат 15:00

Кеше 11 сәуір күні Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультетінде «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы және алыс-жақын ауылдардан оқушылар мен ұстаздар, колледж студенттері қатысты. Бұл бағдарламада ИИР-ның Алматыдағы Бас консулдығының мәдени атташесі Хоссейн Ағазаде Алматы мектеп оқушыларына Фараби атындағы ҚазҰУ парсы тілі бөлімінің студенттері үшін жақсы төрт мүмкіндік бар екенін айтты. Бірінші, Қазақстанда парсы тіліндегі аудармашылардың тапшылығы. Екіншісі, қазақ тарихының едәуір бөлігі парсы дереккөздерде жазылғандықтан жазба мәтіндерді зерттеуге негіз болады. Парсы тілінің қазақ мәдениеті мен тарихы үшін рөлі зор. Ирандық туристерді Қазақстанға алып келу және қазақстандық туристерді Иранға жіберу үшінші мүмкіндік болса. Төртінші – парсы тілінен сабақ беру. Сондай-ақ, ол парсы тілін таңдаған қазақстандық студенттерді, әр жазда Ирандағы парсы тілі курстарына жіберуге уәде берді.

4 сәуір күні Фараби атындағы ҚазҰУ-де ІІІ Халықаралық Фараби форумы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «Әл-Фараби және Қазақ халқының рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды

Форумға университет ректоры, Сирия, Түркия, Иран және Өзбекстан консулдықтары өкілдері, шет елден келген профессорлар, ғалымдар мен оқытушылар қатысты.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: