• Dec 15 2025 - 13:05
  • 64
  • Оқу ұзақтығы : 4 minute(s)

Ялда түні - Нартуған мерекесіне арналған мәдени іс-шара өтті

2025 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Ялда түні – Нартуған» мерекесіне арналған мәдени іс-шара жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға университет оқытушылары, студенттер, кітапхана оқырмандары және қонақтар қатысты.

2025 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Ялда түні – Нартуған» мерекесіне арналған мәдени іс-шара жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға университет оқытушылары, студенттер, кітапхана оқырмандары және қонақтар қатысты.

Мерекелік кешті Иран Мәдени орталығының аудармашысы Сатылғанова Бағдат жүргізді.

Жүргізуші құттықтау сөзінде жиналған қонақтарды қарсы алып, «Ялда түні – Нартуған» мерекесінің көне дәстүрлер мен рухани құндылықтарды тоғыстыратын ерекше мейрам екенін атап өтті.

Алғашқы құттықтау сөз Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының директоры Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызына берілді. Ғазиза ханым жиналған қауымды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен және Ялда мерекесімен құттықтап, бұл мерекенің иран халқы үшін Наурыз мерекесі секілді маңызды екенін атап өтті.

Келесі сөз Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулы Ахмади Суна ханымға берілді. Ол Ялда түні туралы қысқаша мәлімет беріп, қазақ пен иран халықтарының мәдени ұқсастықтарына тоқталды.

Одан кейін Иран Ислам Республикасының Бас консулдығының мәдени атташесі Хоссейн Агазаде сөз сөйлеп, Ялда мен Наурыз мерекелерін салыстыра отырып, Ялданың философиялық мәнін ашып берді. Ол бұл күні адамдар үлкендердің үйіне жиналып, ақсақалдарға құрмет көрсететінін, мұның екі халыққа да ортақ дәстүр екенін айтты. Сондай-ақ, жаһандану дәуірінде табиғатпен үндесетін мерекелердің маңызын атап өтті.

Қонақтардың назарына «Ялда түні» мерекесіне арналған бейнеролик ұсынылды.

Сөз Иран Ислам Республикасының Бас консулдығының саяси және қоғамдық дипломатия жөніндегі сарапшысы Сима Мохтариге берілді. Ол Ялда мерекесінің Иранда қалай тойланатынын жан-жақты түсіндірді.

Келесі құттықтау сөз Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы, PhD докторы Джакубаева Салтанат ханымға берілді. Ол қатысушыларды Ялда мерекесімен және Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Одан кейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің магистранты, аудармашы Омарханова Гаухар ханым«Ялда түні – Нартуған» мерекесіне орай әдебиеттерге шолу» тақырыбында баяндама жасады. Ол Ялда мен Нартуған мерекелерінің ұқсастықтарын, қазақ халқындағы соғым сою дәстүрімен байланысын атап өтті.

Іс-шараның көркемдік бөлімі мазмұнды өнер көрсетулерімен жалғасты:

Рымбек Зере (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің студенті) Ялда түніне арналған өлең оқыды;

Ахметова Зере қобызбен Құрманғазының күйін және «Дудар-ай» әнін орындады;

Адилов Рахат (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті) ән шырқады;

Парсы тілі курсының қатысушылары — Айя Хасанова, Жаннат Оспанова, Данияр Абенов, Фарида Асими, Сымбат Исмагулова, Алмат Нұрпейісов — Ялда түніне арналған өлеңдерін оқыды.

Іс-шара соңында жүргізуші «Ялда түні – Нартуған» мерекесінің жарыққа сенім, бірлік пен достықтың символы екенін атап өтіп, барша қонақты Ялда түні дастарханына шақырды.

Мереке жоғары деңгейде өтіп, қазақ-иран мәдени байланысының нығая түсуіне үлкен үлес қосты.

 

 

Состоялось культурное мероприятие, посвященное празднику «Ночь Ялда – Нартуган»

15 декабря 2025 года в Национальной библиотеке Республики Казахстан на высоком уровне прошло культурное мероприятие, посвященное празднику «Ночь Ялда – Нартуган». В мероприятии приняли участие преподаватели университетов, студенты, читатели библиотеки и гости.

Ведущей праздничного вечера выступила переводчик Культурного центра Ирана Багдат Сатылганова.

В своей приветственной речи ведущая встретила собравшихся гостей и отметила, что «Ночь Ялда – Нартуган» — это особый праздник, сплетающий воедино древние традиции и духовные ценности.

Первое поздравительное слово было предоставлено директору Национальной библиотеки Республики Казахстан Нургалиевой Газизе Кудайбергеновне. Госпожа Газиза поздравила собравшихся с Днем Независимости Республики Казахстан и праздником Ялда, отметив, что этот праздник так же важен для иранского народа, как и Наурыз.

Следующее слово было предоставлено Генеральному консулу Исламской Республики Иран в г. Алматы, госпоже Ахмади Суна. Она дала краткую информацию о ночи Ялда и остановилась на культурном сходстве казахского и иранского народов.

Затем выступил атташе по культуре Генерального консульства Исламской Республики Иран Хоссейн Агазаде. Сравнивая праздники Ялда и Наурыз, он раскрыл философский смысл Ялды. Он отметил, что в этот день люди собираются в домах старших, оказывая почтение аксакалам, что является общей традицией для обоих народов. Также он подчеркнул важность праздников, гармонирующих с природой в эпоху глобализации.

Вниманию гостей был представлен видеоролик, посвященный празднику «Ночь Ялда».

Слово было передано эксперту по политической и общественной дипломатии Генерального консульства Исламской Республики Иран Симе Мохтари. Она подробно объяснила, как праздник Ялда отмечается в Иране.

Следом с поздравительной речью выступила руководитель отдела международного сотрудничества Казахского национального женского педагогического университета, доктор PhD Салтанат Джакубаева. Она поздравила участников с праздником Ялда и Днем Независимости.

Далее магистрант факультета востоковедения КазНУ им. аль-Фараби, переводчик Гаухар Омарханова выступила с докладом на тему «Обзор литературы к празднику "Ночь Ялда – Нартуган"». Она отметила сходство праздников Ялда и Нартуган, а также их связь с казахской традицией заготовки мяса на зиму (согым).

Художественная часть мероприятия продолжилась содержательными выступлениями:

  • Рымбек Зере (студентка факультета востоковедения КазНУ им. аль-Фараби) прочитала стихотворение, посвященное ночи Ялда;
  • Ахметова Зере исполнила на кобызе кюй Курмангазы и песню «Дудар-ай»;
  • Адилов Рахат (студент КазНУ им. аль-Фараби) исполнил песню;
  • Слушатели курсов персидского языка — Айя Хасанова, Жаннат Оспанова, Данияр Абенов, Фарида Асими, Сымбат Исмагулова, Алмат Нурпеисов — прочитали стихотворения, посвященные ночи Ялда.

В завершение мероприятия ведущая отметила, что праздник «Ночь Ялда – Нартуган» является символом веры в свет, единства и дружбы, и пригласила всех гостей к праздничному столу (дастархану) Ялда.

Праздник прошел на высоком уровне и внес большой вклад в укрепление казахско-иранских культурных связей.

Almaty Kazakhstan

Almaty Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: