Иранның кинематография тарихы

Иранның кинематография тарихы

Иранның кинематография тарихы

Кинематография Иранға жеткен кезде Қаджар шахтарының қолындағы патшалық ойыншық болды. Алғашқы бейнекамера Мұхаффараддин шахтың кезінде х.ш.ж.с.б. 1279 жылы (1900 жылы) Иранға келді. Бұл құрал Қаджар шахының Еуропаға сапары мен Батыс әлемінің жаңа жетістіктеріне қызығушылығының нәтижесі болды. Мұхаффараддин шахтың осы сапарында бірге болған сарай фотографы Мырза Ибраһимхан Аккасшенаси жаңа құралмен жұмыс істеуді үйреніп, оны Қаджар шахтарының өмірі жайлы деректі фильмдер түсіруге пайдаланды. Иранда фильм алғаш рет 1905 жылы көрсетілді. Иран кинематографиясының тарихы осыдан басталды. Бұдан кейін басқа адамдар Иранда қысқа фильмдер түсіруге кірісті. Иранда фильм алдымен шах сарайында, сондан кейін қонақтар мен үйлену тойларында көрсетіле бастады. Фильм әйелдер мен ер адамдарға бөлек-бөлек көрсетілетін болған. Ибрахимхан Аккасбашы Еуропаның кейбір қысқа фильмдерін көрсетумен бір мезгілде кейде бейнетаспаға түсіріп, оларды өз мұрағатында сақтап отырған. Ол кейін белгілі бір себептермен сарай маңындағылардың қаһарына ұшырап, ол жерден қуылған. Ибрахимхан орта жасқа келгенде дүниеден өтті. Иран кинематографиясын бастаушы өнер иелері ретінде шын мәнінде өз жұмысын бейнекамераға түсіріп, халыққа фильм көрсете бастаған алғашқы кино түсірушілерді атауға болады. Әскери парад, Теһран темір жолын салудың алғашқы кірпішін қалау рәсімі, солтүстіктегі темір жол, ресми жиналыстарды бейнетаспаға түсіру Иран кинематографиясы тарихындағы алғашқы бейне туындылар болды. Бірақ фильмді көрсетудің оны түсіруге қарағанда спектрі ауқымды болды. Иранда кинотеатр мен кинотеатр ұстау жылдам дамып, бұл табысты кәсіп барша жұрттың қолдауына ие болды. Алғашқы кинотеатрлар Теһран қаласы, әсіресе оның адам көп қатынайтын орталық ауданында салынды. Шетелдік фильмдер бір немесе екі күйшінің қатысуымен көрсетілетін. Олар фильмнің барлық сахналарында музыкалық аспапта ойнайтын. Әрине кинозалда үнемі аудармашы да болған. Олар дыбыссыз фильмдердің арасындағы жазуларды аударып немесе фильмнің бүкіл хикаясын баяндап беріп отырған. Кинотеатрдың Иранға алғаш келгендегі жылдарының ең қызық оқиғасы х.ш.ж.с.б. 1307 жылы (1928 жылы) әйелдерге арналған кинотеатрдың салынуы болды. Ол заманда әлемнің көптеген елдері кинотеатр деген сөзді де естімеген болатын, кино көрсету деген сөз олар үшін еш мағынға ие емес еді. Иранның алғашқы көркем фильмі Аванс Уганиянс түсірген "Аби ва Раби" болды. Бұл дыбыссыз фильм Аби мен Раби атты екі сайқымазақтың бастан кешкен оқиғаларын баяндайды. Онда бірінің бойы ұзын, бірінің бойы қысқа екі адамның күлкілі оқиғалары көрсетілген. Бұл фильм х.ш.ж.с.б. 1309 жылы (1930 жылы) экранга шығып, халықтың ықыласына бөленді. Ал Иранның алғашқы дыбысты фильмі "Лур қызы" атты туынды болды. Ол Үндістанның Бомбей қаласында ирандық әртістердің көмегімен түсірілді. "Лур қызы" фильмі х.ш.ж.с.б. 1312 жылы (1933 жылы) Абдулхусейн Сепанта мен Ардашир Ирани тарапынан түсіріліп, Теһран кинотеатрларында көрсетілді. Бұл фильм өте жақсы қабылданып, ел арасында оның басты тұлғалары "Жапар мен Гүлнар" деген атпен кең таралып кетті. "Лур қызы" фильмінің көрерменді тартуда сәтті болуы кинематографтарды кино түсіруге ынталандырып, кинематографияны Ирандағы ең маңызды өнер түрлерінің біріне айналдыруға септігін тигізді. 

Атауы Иранның кинематография тарихы
Ел Иран
Шыққан жылы0

[Көбірек]

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: