Иран Мәдени орталығына қош келдіңіз!

Мәдени өкілдіктің тарихы

  Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы мәдени өкілдігінің қысқаша тарихы

 

Қазақстан Республикасы 1991 жылың 16 желтоқсанда тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған елдердің бірі Иран Ислам Республикасы болды. Көп ұзамай 1992 жылы 29 қаңтарда жаңа бой көтерген ел астанасы Алматыда Иран Ислам Республикасының Елшілігі өз жұмысын бастады. Бірнеше ай өткеннен кейін Расул Ислами ИИР-ның ҚР-дағы алғашқы Төтенше әрі Өкілетті елшісі ретінде таныстырылып, өз қызметіне кірісті.

 

1993 жылы 17 сәуірде екі ел арасында мәдени келісімге қол қойылып, екі ел қарым-қатынастың жаңа сатысына көтерілді.

 

Екі ел арасындағы 2000-2002 жылдарға арналған мәдени алмасудың бірінші бағдарламасына 1999 жылдың қазан айында, ал 2017 жылдың тамызында Теһранда 2017-2019 жылдарға арналған мәдени алмасудың екінші бағдарламасына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі мен Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының басшысы доктор Ибрахими қол қойған болатын.

 

Дегенмен, екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынас 1995 жылдың басынан Алматыда Иран Ислам Республикасының мәдени бөлімінің құрылуымен жаңа кезеңге аяқ басты. Осы кезде Мехди Санаи Иран Ислам Республикасының алғашқы мәдени өкілі ретінде Қазақстанға жіберілді.

 

1995 жылы сәуірде Иранның Мәдениет мен исламдық байланыстар ұйымының құрылуы және шетелде жұмыс істейтін мәдени өкілдіктердің бірігуімен Иран Ислам Республикасының мәдени өкілдіктерінің жауапкершілігі Мәдениет және исламдық бағдар министрлігінің халықаралық департаментінен алынып,  мәдениет ұйымына жүктелді.

 

Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы мәдени бөлімі 1995 жылы өкілдік деңгейіне дейін көтеріліп, 1996 жылдың 4 қыркүйегінде Алматыда қазақстандық ресми тұлғалардың қатысуымен Иран Ислам Республикасының Мәдени өкілдігінің жеке ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

 

Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымы басшылығының көмегімен және кеңесші Фараджолла Абеди мырзаның өкілеттігі кезінде Алматыдағы Мәдени өкілдіктің ғимаратын сатып алуға күш жұмсалып, Иран Ислам Республикасы Елшілігінің мәдени орталығы ретінде сатып алынды.

Иран мәдени орталығында біз Иранның бай мәдени мұрасын, сан алуан дәстүрлерін насихаттаймыз; Иран тарихын, өнерін, парсы тілі мен әдебиетін, ғылымы мен философиясын таныстыратын ауқымды бағдарламалар ұсынамыз. Парсы мәдениетінің сұлулығын, тереңдігін көрсетуге бағытталған біздің бастамалар парсы тілі сабақтары, мәдени мастер-кластар өткізілімінен бастап, көрмелер мен фильмдер көрсетіліміне дейін қамтиды; мәдени іс-шаралар ұйымдастырып, жастардың Иранда білім алуына жағдай жасайды. Мәдениетаралық ынтымақты дамыту мақсатында құрылған бұл орталық берік әрі мазмұнды байланыстар құруға, мәдени кедергілерді еңсеруге септесіп, Қазақстан мен Иран арасындағы мәдени алмасымға, білімге және диалогқа қызмет етеді.

Иран Мәдени орталығы парсы мәдениетімен айналысатын – оның көркемдік өрнектерін зерделеген, бай аспаздық дәстүріне ден қойған немесе мәңгілік поязиясы мен музыкасына шомған – кез келген тұлға үшін қонақжай алаң болмақ.

Ашықтық, инклюзивтік және өзара құрмет рухынан танбастан, біз сізді мәдени құндылықтар мен жаңалықтар саяхатына қосылуға шақырамыз. Парсы мәдениетінің байлығы мен алуандығын бірге тамашалап, байланысы берік, үйлесімі үлгілі әлемге бірге үлес қосайық.

Сізді Иран Мәдени орталығында күтеміз!

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Бегалин, 61

Tel:72772412151

Email: iranculturealmaty@gmail.com

aqazadeh@iran.ir

 

https://www.instagram.com/iccalmaty/

https://www.facebook.com/ICCAlmaty/

 



Біз туралы

Мәдениет және  исламдық байланыстар ұйымы  (парсы. سازمان فرهنگ و ارتباطات اسلامی) — 1995 жылы құрылған  Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрлігіне қарасты ұйымдардың бірі. Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының негізгі міндеті - мәдени саладағы қызмет (шетелдерде).

Ұйым басшысы - Мехди Иманипур.

Мәдениет және  исламдық байланыстар ұйымының мақсаттары төмендегідей:

Әртүрлі ұлттармен және этникалық топтармен, әсіресе ислам елдерімен мәдени қарым-қатынастарды орнату /кеңейту/; әлем мұсылмандары арасында бірлік орнату үшін жағдай жасау  және т.б.

 Мүшелер

Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының ұйым басшысы мен «Жоғарғы кеңестен» тұратын екі тірегі бар. Жоғарғы кеңес 11 мүшеден тұрады, олар Иранның діни жетекшісі Сейед Әли Хаменеидің жарлығымен тағайындалады. Оның ішінде:

• Діни жетекші сайлаған үш ғылыми/мәдени тұлға; Иран діни жетекшісінің кеңсесінің халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары; және ұйым басшысы.

• Мәдениет және исламдық бағдар министрі (кеңес төрағасы) және сыртқы істер министрі.

• Иран Ислам Республикасының Телерадио бірлестігінің басшысы.

• Ислам даму ұйымының басшысы.

• Исламдық мазхабтарды жақындастыру жөніндегі Дүниежүзілік форумның бас хатшысы

 

Агенттік атауы Телефон Эл.пошта Сайт Құжаттар
Алматы
72772412151 iranculturealmaty@gmail.com aqazadeh@iran.ir Сайт ---
Астана
+7 7172 436265. +77085990293 raizani.astana@mail.ru Сайт ---

[Көбірек]

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: