Иманипур христиандық қасиеттіліктерге тіл тигізу әрекетін айыптады

  • Басталған күні : Aug 2 2024
  • Аяқталған күні : Sep 2 2024
Иманипур христиандық қасиеттіліктерге тіл тигізу әрекетін айыптады

 

Алланың мейірімі мен адамзат бақытының символы болған илаһи діндер мен пайғамбарлардың ұлылығы мен қасиеттілігі ешкімге жасырын емес. Бұл қасиетті кеңістікті кез келген нысанда және әлемнің кез келген бөлігінде бұзу айыпталады.

 
 

Жақында 2024 жылғы Олимпиада ойындары өтіп жатқан Францияда Иса Мәсіхтің (ғ.с) киелі мекеніне тіл тигізген кейбіреулерді көрдік. Түрлі мәдениеттердің өзара әрекеттесу алаңына айналуы тиіс Олимпиада алаңы Батыстағы кейбір дінге қарсы ағымдардың дүниедегі тақуа, иманды адамдардың киелі жерлеріне тіл тигізіп, оларға шабуыл жасау мүмкіндігіне айналғандай!

Париж Олимпиадасында Иса Мәсіхтің (ғ.с) қадір-қасиетін қорлау, христиандардың сезімін қорлау оның ізбасарларының сезімдерін жаралап қана қоймай, бірлігі жарасқан, салихалы адамдарды қорлады. Әрине, бұл оқиғаның Францияда орын алуы ойландырады. Осы жайт мұсылмандардың санасында Charlie Hebdo журналының Мұхаммед пайғамбарды (с.ғ.с.) бірнеше рет қайталап қорлау әрекеттерінен туындаған қайғы-қасірет пен өкінішті тағы бір рет жаңғыртты.

Франциядағы кейбір сөз бостандығын жалған талап етушілер адам құқықтары туралы мәлімдемелерімен және өздерінің бұрмаланған түсіндірмесімен дүние жүзіндегі көптеген адамдардың жүрегін жаралады.

Біз бүгін христиан бауырларымызбен бірге қасиетті тұлғаларды қорлаудың айқын үлгісі болып табылатын және діни жетекшілер мен тұлғалар тарапынан талай рет айыпталған Иса (ғ.с.) пайғамбарды қорлау әрекетін қатаң түрде айыптаймыз.

 Осы кешірілмес қорлаумен қатар, Париж Олимпиадасының шеңберінде отбасы институтын әлсірету, тіпті жою мақсатында құндылыққа қарсы және адам табиғатына қайшы келетін, гомосексуализм сияқты мінез-құлықтарды ашық және жүйелі түрде насихаттаудың куәсі болып отырмыз.

Отбасында берік әрі жауапты қатынас құру арқылы адамзат табиғатына сай әрі  құдайылық өмір сүру барлық илаһи діндерде дәріптеледі. Мұндай жағдайда адамзат табиғатына әрі әдепке қайшы өмір салтын насихаттау адамзат пен дін дұшпандарының қастандығынынан басқа ештеңе емес.

Әлемдегі христиан жетекшілері мен зиялыларына, әсіресе француздық католиктік христиан қауымына жанашырлығымызды білдіре отырып, біз әлемнің барлық монотеистері мен азат адамдарынан Иса Мәсіхті (ғ.с.) қорлауды және азғындық пен дінге қарсы әрекеттерді ашық түрде насихаттауды айыптауын сұраймыз.  

Француз үкіметі Париж Олимпиадасын ұйымдастырушы және жауапты мемлекет ретінде илаһи діндер мен салауатты және құдайшыл өмір салтына қарсы бұл негізсіз көзқарасты тоқтатуы керек екені сөзсіз.

 

Мұмаммад Мехди Иманипур

Иранның Мәдениет және Исламдық байланыстар ұйымының басшысы әрі Діндер саясаты кеңесінің төрағасы

30 шілде 2024 жыл

  •  
  •  
 
 

[Көбірек]

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: