• Jan 24 2023 - 09:59
  • 262
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

ИИР-ның Діндер диалогы саясаты және оны үйлестіру кеңесінің басшысының Швецияда орын алған Құран Кәрімді қорлау әрекетіне қатысты үндеуі

ИИР-ның Діндер диалогы саясаты және оны үйлестіру кеңесінің басшысы Мехди Иманипурдың Швецияда орын алған Құран Кәрімді қорлау әрекетіне қатысты үндеуі

مهدی ایمانی پور

Мейірімді  рақымды Алланың атымен

Тағы да Нұрға топырақ шашылып, зұлымдық жасалды

Ара-тұра өтірік сылтаулармен, сырт көзге азаттықты жақтайтын үкіметтердің қолдауымен шайтанның жалдамалылары Исламның қасиетті жерлері мен ұғымдарын қорлайды. Бұл жолы Швециядағы Түркия елшілігі алдында миллиондаған мұсылманның жаны мен жүрегі саналатын Құранның өртенуінің куәсі болдық. Швецияның Ислам мен мұсылмандарға қарсы шайтандық қойылымдардың сахнасына айналуы алғаш емес.

Қасиетті Құран және оның аяттары – мұсылмандар арасында ардақты Пайғамбардың, оған және оның пәк әулетіне Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ең қасиетті, ең қымбат әрі ең ұлы жәдігері.

Мұсылмандар Құранмен өмір сүріп, өсу жолында қадам басып, Аллаға қайта оралады. Құран Кәрім – мұсылмандар үшін өмір, өлім және қайта тірілу кітабы. Дүние жүзіндегі мұсылмандар күндіз-түні осы илаһи кітаптан аяттарды оқып, Аллаға қасиетті Құран Кәріммен дұға етіп, бұл кітапты қадірлеп, қастерлеп, оны жақсы көріп, жер бетіндегі өмірлерін осы аспандық кітаппен өткізеді.

Азаттықты қорғаймыз деген желеумен мұндай сұмдық қойылымдар басқа діндер мен наным-сенімдердің қасиетті ұғымдарын, рәміздерін, шығармалары мен ғибадатханаларын әрқашан қастерлеп келген мұсылмандарды ашуландырады.

Жағымсыз әрекеттердің бұл түрі діндердің, салт-дәстүрлер мен мәдениеттер өкілдерінің бейбіт өмір сүруіне елеулі зиянын тигізіп, діни диалог пен мәдени өзара әрекеттесу кеңістігіне бұлт үйіретіні жасырын емес.

Мен, Иран Ислам Республикасының Діндер диалогы саясаты және оны үйлестіру кеңесінің басшысы ретінде Құран Кәрімді өртеуді, діни қасиетті заттарға тіл тигізуді және миллиондаған мұсылманның жүрегі мен рухының жаралануын қатаң айыптаймын.

Құран Кәрім жолын ұстанушылар дүниежүзінің дінбасылары, зиялылары мен азат адамдарынан, әсіресе, ұзақ жылдар бойы осы масқара көріністерге сахна болған Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка тұрғындарынан, ең азында, осындай исламмен жауласу және мұсылмандарды қорлау әрекеттеріне қарсылықты ашық жариялап, діни қасиетті ұғымдарды қорлау әрекеттерін бостандық ұғымымен теңеуді жоққа шығару жолында әрекет етеді деп күтеді.

 

                      Мұхаммад Мехди Иманипур

                   Діндер диалогы саясаты және оны үйлестіру кеңесінің басшысы

                   Қаңтар, 2023ж.

 

 

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Пікір қалдырыңыз.

[Көбірек]

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: