• Apr 22 2023 - 17:55
  • 324
  • Оқу ұзақтығы : 2 minute(s)

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы: Біз Иранның мәдени күнін өткізуге мүдделіміз

Ғазиза Құдайбергенқызы «Иран өнерінің тарихы» кітабының тұсаукесер рәсімінде: «ҚР Ұлттық академияслық кітапханасы әртүрлі елдердің мәдени күндерін ұйымдастырады, осыған байланысты біз Иранның мәдени күнін де өткізуге мүдделіміз» - деді.

Ғазиза Құдайбергенқызы «Иран өнерінің тарихы» кітабының тұсаукесер рәсімінде: «ҚР Ұлттық академияслық кітапханасы әртүрлі елдердің мәдени күндерін ұйымдастырады, осыған байланысты біз Иранның мәдени күнін де өткізуге мүдделіміз» - деді.

Eurasian book fair 2023 кітап көрмесі аясында атворы Хаболла Аятоллаһидің «Иран өнерінің тарихы» кітабының тәржімашы Айнаш Қасымның қазақ тіліне аудармасының тұсаукесері өтті.

Салтанатты шара Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Әли Акбар Джоукар мен мәдениет жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матин, Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Ғазиза Құдайбергенқызы, ирандық каллиграфия шебері Муслим Саққа және қолөнер шебері Абдул Хамид Эбрахими қатысуымен өтті.

Әли Акбар Джоукар өз сөзінде Иранның маңызды туындыларының бірінің қазақ тіліне аударылып, басылып шыққанына тағы да разылығын білдіріп: «Иран өнерінің тарихы» кітабы осы саладағы маңызды мағлұматтардың қайнар көзі болып табылады» - деді. Ол Ғазиза Құдайбергенқызын халыққа ақпарат жеткізудің басты мекемесіндегі маңызды қызметі үшін алғыс білдірді. Елші екі елдің ортақ және терең тарихына тоқталып: «Екі халықтың бір-бірі туралы білімін арттырудың бірден-бір жолы – кітаптарды аудару, осы мақсатта Иран елшілігі парсы тіліндегі шығармаларды қазақ тіліне және қазақ кітаптарын парсы тіліне аударудағы ынтымақтастықты нығайтуға әзірлігін мәлімдейді.» - деді.

Ғазиза Құдайбергенқызы да өз кезегінде «Иран өнерінің тарихы» кітабын шарадан бұрын қарап шыққанын және бұл туындының Қазақстан халқы үшін маңыздылығын атап өтті. Ол Ұлттық академиялық кітапхананың Иранның ұлттық кітапханаларымен ғылыми және мәдени ынтымақтастық орнатуға және осы кітапхананың қолжазбалар бөліміне баруға мүдделі екенін мәлімдеп: «Ұлттық академиялық кітапхана әртүрлі елдердің мәдени күндерін ұйымдастырады, осыған байланысты біз Иранның мәдени күнін де өткізуге мүдделіміз».

Иранның Қазақстандағы мәдени кеңесшісі Талеби Матин әдебиет, экономика, тарих, ғылым тарихы, география, әлеуметтік ғылымдар, ислам ғылымдары мен өнер салаларында танымал ғалымдардың пікір-назарларына сүйенуді «Иран өнерінің тарихы» кітабының  жазылуындағы маңызды тұстардың бірі деп атады.  Ол Иран өнерін көнелігі мен жоғары құндылығына тоқталып: «Иран өнерінің маңыздылығына қатысты айта кетер жайт, бүгінде әлемнің беделді музейлері өз мекемелерінде ирандық өнер туындыларының сақталғанын айтып, мақтан етеді» - деді. Талеби Матин осы көрмені ұйымдастырушылардың көмегімен алдағы жылдарда бұдан да құнды әрі маңызды туындылар ұсыну арқылы Иранның 7500 жылдан астам бай мәдениеті мен өркениетін көрермендер мен қызығушыларға лайықты түрде таныстырылатынына сенім білдірді.

Шара жалғасында Иранның өнер қайраткерлері Мүслім Сақа мен Абдулхамид Эбрахими жиналған қауымға каллиграфия өнері мен минакари, ғаламзани, хатамкари қолөнеріне қатысты мағлұмат берді.

«Иран өнерінің тарихы» кітабы туралы мағлұмат

«Иран өнерінің тарихы» кітабын қазіргі кезде Иранда танымал өнер қайраткерлерінің бірі Хабибулла Аятоллахи жазған. Бұл еңбекте Иранның исламға дейінгі және ислам келгенне бастап 1979 жылғы Ислам революциясы пайда болғанға дейінгі өнері туралы егжей-тегжейлі мәліметтер қамтылып, оны тәжірибелі аудармашылардың бірі Айнаш Қасым қазақ тіліне аударған.

Кітаптың бірінші бөлімінде сәулет өнері, бедерлі суреттер, мүсін өнері, кілемдер мен маталар, музыка т.б., ал екінші бөлімде Исламның пайда болуынан Ислам революциясының басына дейінгі дәуірден қалған өнер туындылары мен тарихи ғимараттарды таныстырса, үшінші бөлімде Иран Ислам Республикасындағы өнерге тоқталады.

Бұл кітап Иран Ислам Республикасының мәдени өкілдігінің талпынысымен қазақ тіліне аударылды.

 

https://www.icro.ir

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

[Көбірек]

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: