Тегеран университеті

Тегеран университеті

Тегеран университеті

Тегеран университеті – Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеран қаласында орналасқан елдің ірі әрі көне классикалық университеттерінің бірі.

Тегеран университеті тарихы 1851 жылы Дар-ал-Фунун ретінде құрылғаннан басталады. Шын мәнісінде, бұл университет 1934 жылы Реза-шах Пехлевидің жарлығымен сол кездегі бірнеше жоғары оқу орындардың бірігуі арқылы құрылды.

1937 жылы Тегеран университетіне қыздарға оқуға рұқсат берілді, ал 1945 жылы Амирабад ауданында университет студенттеріне арналған жатақхана салынды.

Тегеран университеті Иранның жаңа тарихында үлкен рөл атқарды. 1979 жылы осы ЖОО-ның студент жастары шах режиміне қарсы қозғалысқа белсенді түрде қатысып, Ислам революциясын қолдады.

1986 жылы Медицина факультеті Тегеран университетінен бөлініп, Тегеран медициналық университеті  ретінде өз қызметін жалғастырды.

Тегеран университеті Ирандағы ірі жетекші зерттеу университеттерінің бірі болып саналады. Университетте 976 мамандық бакалавриат, магистратура мен докторантура бағдарламары бойынша мамандар дайындалады. 

Университет ректоры –Сейіт Мохаммад Моғими.

Тегеран университеті құрылымына 25 факультет, 9 кампус және 11 ғылыми-зерттеу орталығы кіреді, университет 34 ғылыми журнал шығарады. Факультеттер мен ғылыми орталықтарда 2000-нан астам профессорлар мен оқытушылар қызмет етеді.

Атауы Тегеран университеті
Ел Иран
ТүріҮкіметтік
Студенттердің жалпы саны55000
Сайтhttps://ut.ac.ir/en

[Көбірек]

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: