• Apr 12 2024 - 12:13
  • 39
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

Кеше 11 сәуір күні Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультетінде «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы және алыс-жақын ауылдардан оқушылар мен ұстаздар, колледж студенттері қатысты. Бұл бағдарламада ИИР-ның Алматыдағы Бас консулдығының мәдени атташесі Хоссейн Ағазаде Алматы мектеп оқушыларына Фараби атындағы ҚазҰУ парсы тілі бөлімінің студенттері үшін жақсы төрт мүмкіндік бар екенін айтты. Бірінші, Қазақстанда парсы тіліндегі аудармашылардың тапшылығы. Екіншісі, қазақ тарихының едәуір бөлігі парсы дереккөздерде жазылғандықтан жазба мәтіндерді зерттеуге негіз болады. Парсы тілінің қазақ мәдениеті мен тарихы үшін рөлі зор. Ирандық туристерді Қазақстанға алып келу және қазақстандық туристерді Иранға жіберу үшінші мүмкіндік болса. Төртінші – парсы тілінен сабақ беру. Сондай-ақ, ол парсы тілін таңдаған қазақстандық студенттерді, әр жазда Ирандағы парсы тілі курстарына жіберуге уәде берді.

Кеше 11 сәуір күні Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультетінде «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға Алматы қаласы және алыс-жақын ауылдардан оқушылар мен ұстаздар, колледж студенттері қатысты.
Бұл бағдарламада ИИР-ның Алматыдағы Бас консулдығының мәдени атташесі Хоссейн Ағазаде Алматы мектеп оқушыларына Фараби атындағы ҚазҰУ парсы тілі бөлімінің студенттері үшін жақсы төрт мүмкіндік бар екенін айтты. Бірінші, Қазақстанда парсы тіліндегі аудармашылардың тапшылығы. Екіншісі, қазақ тарихының едәуір бөлігі парсы дереккөздерде жазылғандықтан жазба мәтіндерді зерттеуге негіз болады. Парсы тілінің қазақ мәдениеті мен тарихы үшін рөлі зор. Ирандық туристерді Қазақстанға алып келу және қазақстандық туристерді Иранға жіберу үшінші мүмкіндік болса. Төртінші – парсы тілінен сабақ беру. Сондай-ақ, ол парсы тілін таңдаған қазақстандық студенттерді, әр жазда Ирандағы парсы тілі курстарына жіберуге уәде берді.
Одан кейін Фараби университетінің шығыстану факультетінің мәжіліс залына осы бағдарламаға қатысушы оқушылар жиналды. Бағдарламаның ашылуында шығыстану факультеті деканы Наталья Ием ханым сөз сөйлеп, одан кейін: Шығыс тілдерін, оның ішінде парсы тілін оқыту кафедрасының профессорлары мен меңгерушілері Фараби университетінде оқудың маңызы мен мүмкіндіктерін түсіндірді.
Бағдарламада ИИР-ның Алматыдағы бас консулы Мохсен Фағани парсы тілінің маңыздылығын түсіндіріп, парсы тілінің шығыс тілдерінің ішіндегі ең бай екендігін және парсы дереккөздерін Қазақстан тарихы үшін өте маңызды екендігін атап өтті. Қазақстан мен Ирандық компаниялар үшін парсы тілінің мамандары қажет, ал Қазақстанға Иран, Ауғанстан және Тәжікстандағы елшіліктерге дипломаттар керектігін айтты. Сосын ИИР университеттерінде магистратура мен докторантурада оқуды қамтамасыз етіп, түрлі салаларда шәкіртақы беретіндігін жеткізді.
Айта кету керек, корей, қытай, үнді тілдерінің оқытушылары мен студенттері дәстүрлі киім киіп, қазақ студенттерін қызықтыру үшін түрлі бағдарламалармен қатар, өнер көрсетті.

Almaty Kazakhstan

Almaty Kazakhstan

Суреттер

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: