Мехди Иманипур: Дін бүгінгі таңда халықаралық қатынастарда қайтадан өзекті рөлге ие болып, маңызы артып келеді.
Иран Ислам Республикасының Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының басшысы әрі Діндер саясаты кеңесінің төрағасы Мұхаммад Мехди Иманипурдың баяндамасы
Алдымен әлемнің әлемдік және дәстүрлі діндердің жоғары мәртебелі жетекшілерінің құзырында отырғаныма ризашылығымды білдіре отырып, осы жиынның сәтті өтуіне тілектестігімді білдіргім келеді. Осы съездің жұмысының басынан бастап қолдау көрсетіп, әріптестік жасап келе жатқан Иран Ислам Республикасының Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының бұрынғысынша әділетке негізделген бейбітшілікті тарату үшін дінаралық бірлескен іс-шараларды жүйелеуге бағытталған бұл сындарлы шараны бар ынтасымен қолдайтынын мәлім етемін.
Бұрынырақта әлемдік жүйеде билік етудің негізгі факторларынан тыс қалған дін бүгінгі таңда халықаралық қатынастарда қайтадан өзекті рөлге ие болып, маңызы артып келеді.
Қазір дін жетекшілері қазіргі заманғы адамдардың қажеттіліктерін дұрыс түсініп, оларға лайықты жауап беруге тырысуда. Илаһи діндер ой өрісінен әрекет өрісіне неғұрлым жақындай түсіп, адам өмірінің өзегіне жол тапса, соғұрлым негізгі мақсатына жақындай түседі. Діндер адамзаттың өзі ойлап тапқан құндылықтарын жоғары илаһи құндылықтармен алмастырып, оларды насихаттаумен қатар, саясат, мәдениет, өмір салты және тіпті экономика салаларында өздерінің қызметтерін дәлелдей алуы керек және тек осы жағдайда ғана қазіргі заманның адамы өз мәселелері мен қиындықтарын шешу үшін дінге бет бұратын болады.
Иран Ислам Республикасы әрқашан бейбітшілікті, достықты, әділеттілікті қалайтын, діни теріс идеологиялармен, экстремизммен және зорлық-зомбылықпен күресетін исламдық жүйеге ие ел ретінде отыз жылдан астам уақыт бойы діни диалог саласында белсенділік танытып, әртүрлі діндердің жетекшілері және ізбасарлары арасында түсіністік пен ынтымақтастық орнатуға тырысып, осы жолда бүгінге дейін басқа да белсенді халықаралық әріптес ұйымдардың ынтымақтастығымен тиімді қадамдар жасап келеді.
Бүгінгі адамның «дінге» және илаһи құндылықтарға деген қажеттілігі бұрынғыдан да көбірек түсініліп, сезіледі және бұл жерде діни көшбасшылардың рөлі маңызға ие болды.
Бірақ негізгі мәселе – діни көшбасшылардың әлеуметтік капиталының маңыздылығының артуы және әртүрлі қоғамдардағы оларға деген халықтың сенімін қалпына келтіру. Кейбіреулер халықтың сенімін қайтару үшін «дін» мен «діндар» дегенді ажыратып, «діннің болмысында ешқандай кемшілік жоқ, қандай кемшілік болса да діншілдігімізден» деген сөздерді айту қажет деп санайды, бірақ бұл дұрыс жолы мынадай тәрізді: дінбасы ретінде біз өзіміздің дұрыс іс-әрекетіміз арқылы дінге шақыруға тырысуымыз қажет, кейін батыл позицияларды жариялау арқылы айтуға тырысуымыз қажет. Тек осы жағдайда ғана адамдар діни билікке және олардың сындарлы рөліне сенетін болады.
Адамзат қоғамы Алланың құлдарының қай дін мен мазхабқа жатсын, жер шарының кез келген жерінде қысымға, әділетсіздікке, нәсілдік кемсітушілікке ұшырап жатқанда дін басшыларының үнсіз қалуын қабылдамайды. Құранның нұрлы сөздерінде діни миссионерлерді илаһи хабарды жеткізуге шақырғанда (Ахзаб сүресінің 39-аятында) Алладан басқа ешкімнен қорықпауды сұрайды. Айтқысы келгендей: Ақиқатты айту мен іздеу жолында түрі сын-қатерлер бар, жалған мүдделілік себебімен оларды баяндаудан бас тартпау керек.
Дәстүрлі діндер көшбасшыларының постпандемия дәуіріндегі адамзаттың рухани және әлеуметтік өсуіндегі рөлі туралы мәселе аса маңызды тақырып болып табылады, оны талқылау діндердің адамзат өмірінің сезімтал кезеңдеріндегі маңыздылығы мен әлеуетін айқынырақ көрсететін болады. Корона оқиғасы әлем елдері мен халықтары үшін қоғамдық инфекция әрі сынақ болды. Корона дағдарысы, сонымен қатар, болмыстық және рухани дағдарысқа әкелді және де руханилық пен бірегейліктің адамзат үшін әлі де ерекше орын алатынын түбегейлі дәлелденді. Корона індеті кезінде және одан кейін дін мен руханияттың рөлі және осы дәуірдегі діни көшбасшылардың рөлі туралы көптеген жиналыстар мен кездесулер өткізілді және әлемдегі көптеген ойшылдар бұл мәселе жайында сөз қозғады. Ал, әлемдік статистикалық орталықтар бар фактілерге қарамастан, әлемде дінге деген бетбұрыс азайып бара жатыр дегенді алға тартып отыр.
Сондықтан мен осы съезге қарасты әлемдік дін көшбасшылары жүргізетін бейтарап зерттеулер орталығын құруды ұсынамын. Бұл орталық әлемдегі діндарлық туралы статистикалық мәліметтер шығарумен қатар, әлемдік діндердің осал тұстары мен діндерге бейімділік немесе оның кедергілері туралы жыл сайынғы баяндама жасай алады.
Осы басқосуда талқыланатын тағы бір маңызды тақырып – әділеттілік пен бейбітшілік және діндер мен мәдениеттердің сыйластықта өмір сүруін нығайтудағы діни тәлім-тәрбие беру мен діни ағартушылықтың рөлі. Әділдік пен бейбітшілік – адамзаттың әрқашан іздеген екі жоғалған асыл тасы. Бірақ білім беру саласында әлеуметтік деңгейдегі және жаһандық басқарудағы кез келген іс-әрекеттің алғашқы қадам – бұл қоғамдық ағартушылық. Бізге тиімді әрі және заманауи білім беру жолдары қажет. Біріншіден, жан-жақты және бүгінгі күннің сұрақтарына жауап беретін білім, екіншіден, байсалды әрі экстремистік емес адамдарды тәрбиелейтін білім.
Біз ең алдымен дінге негізделген отбасы мен өмір салтын насихаттауға міндеттіміз. Екіншіден, әлем халқының тең жартысын әйелдер құрайтынын айта кеткен жөн. Олардың негізгі құқықтарын дұрыс жолмен қалай қамтамасыз ете аламыз?
Жаратылыстың ең сезімтал мәселелерінің бірі саналатын гендер мәселесі қалайша адамның азып-тозуы мен моральдық құлдырауына емес, адамдық кемелдікке қызмет ете алады?
Бұл діни жетекшілер назар аударатын маңызды мәселелер.
Бұл басқосуда көтерілген тақырыптар жан-жақты зерделеуді, ой елегінен өткізуді, талқылауды қажет ететін, зерделеу, зерттеу және тәжірибелік жұмыстар кешенін қажет ететін ең маңызды адами мәселелер қатарына жатады.
Айта кетейік, бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өтіп жатыр. Екі күнге созылатын съезге 50 елден 100-ден астам делегация, оның ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм діндерінің өкілдері, сондай-ақ саяси және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдар мүшелері келген.
Діни форумға Рим Папасы Франциск, Әл-Азхардың Жоғарғы имамы Ахмед Мохаммед Ахмед ат-Тайеб, Иерусалим Патриархы III Теофил, Ашкеназдың бас раввині Давид Лау, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосифтің және басқа да діни жетекшілер, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымның өкілдері қатысады.
Пікір қалдырыңыз.