Қазақстан елордасының Әбу Наср әл-Фараби мешітінде Құран каллиграфиясының көрмесі өтті
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы және Иранның Халықаралық үгіт-насихат басқармасының қолдауымен ел астанасы Нұрсұлтан қаласындағы әл-Фараби мешітінде Құран каллиграфиясының көрмесі өтті. Шараның ашылу салтанатына ҚМДБ-ның өкілі Нұрлан Қайырбеков, Иран елшісі Маджид Самадзаде Сабер, Нұрсұлтан әкімдігі діни істер басқармасының жауапты қызметкерлері қатысты.
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы және Иранның Халықаралық үгіт-насихат басқармасының қолдауымен ел астанасы Нұрсұлтан қаласындағы әл-Фараби мешітінде Құран каллиграфиясының көрмесі өтті. Шараның ашылу салтанатына ҚМДБ-ның өкілі Нұрлан Қайырбеков, Иран елшісі Маджид Самадзаде Сабер, Нұрсұлтан әкімдігі діни істер басқармасының жауапты қызметкерлері қатысты.
Қазақстан Бас мүфтиінің өкілі осындай тамаша көрмені өткізуге атсалысқан Иранның елшісі мен мәдени өкіліне алғыс айтып: «Құран – уахи сөзі әрі адамзаттың өткендегі, қазіргі және болашақтағы барлық дертіне шипа. Бұл илаһи аяттарды танудың бірден бір жолы – Құранның аяттарын көркем жазумен жазу» деді.
Қазақстан Бас мүфтиінің өкілі сөзінің жалғасында: «Сөзсіз, каллиграфия өнерінің орталығы – Иран елі және бұл көне өнер осы уақытқа дейін ирандық шеберлердің қажымас еңбегінің арқасында сақталып келеді. Алдағы уақытта Иран елшілігінің мәдени өкілдігінің көмегімен осындай шараларды ұйымдастырып тұруға күш саламыз» деді.
Иранның Қазақстандағы елшісі Маджид Самадзаде Сабер де өз кезегінде: «Хадистерде айтылғандай, Алла Тағала көркемдікті жақсы көреді. Құранды көркемдеп оқу, Құран аяттарын көркемдеп жазу Жаратушының осы тапсырмасының жүзеге асырылуының көрінісі болып табылады. Өнер тілі әртүрлі этностар мен ұлттар арасындағы ортақ тіл болса, Иранда жарқыраған тарихы бар каллиграфия өнері аймақ халықтарына ортақ өнер болып табылады. Иран өнері Орталық Азия мен Кавказда ғасырлар бойы таралған. Қажы Хосейн Ширази жобалаған Қазақстанның Түркістан қаласындағы Қожа Ахмад Яссауи кесенесі Орталық Азиядағы Иран өнерінің көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады» деді.
Иранның Қазақстандағы елшісі сөзінің жалғасында Ирандағы каллиграфия өнерін қасиетті Құран аяттарын паш ететін өнер деп атап, бір хадистен үзінді келтіре отырып, Құран каллиграфиясы өнерінің маңыздылығына тоқталды. Ол сөз соңында бұл көрменің Иранның көркем жазу өнерінің бір бөлігін Қазақстан халқына көрсете алатынына үміт білдірді.
Шара жалғасында әл-Фараби мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов Иранның мәдени өкілдігінің әріптестігіне алғыс білдіре отырып, Ораза айт мерекесі қарсаңында өтіп жатқан осындай игі шараның Қазақстан халқы үшін пайдалы болатынына сенім білдірді.
Айта кетер жайт, көрменің екінші күні шебер Мохсен Ибрахими мешіт жамағатына Құран аяттарын көркем жазу бойынша шеберлік дәрісін өткізді.
Пікір қалдырыңыз.