20-23 наурыз күндері "EXPO" Халықаралық көрме орталығында Наурыз мерекелік жәрмеңкесі өтеді

  • Басталған күні : Mar 20 2025
  • Аяқталған күні : Mar 23 2025
  • : Астана, Қазақстан
 20-23 наурыз күндері

«Наурыз базары» мерекелік жәрмеңкесінде Түркия, Иран, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және басқа да шетелдік мемлекеттердің үздік шеберлері мен қолөнершілері ұлттық және тақырыптық бұйымдарын ұсынады.

2025 жылдың 20 мен 23 наурыз аралығында «ЭКСПО» Халықаралық көрме орталығында Наурыз мейрамын кеңінен атап өту жоспарланған.
«Наурыз базары» мерекелік жәрмеңкесінде еліміздің әр түкпірінен ет және сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, шығыс тәттілері қолжетімді бағаларда ұсынылады. Сонымен қатар, Қазақстан, Түркия, Иран, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және басқа да шетелдік мемлекеттердің үздік шеберлері мен қолөнершілері ұлттық және тақырыптық бұйымдарын ұсынады.

Көшеде келушілерді шығыс асханасының фестивалі, наурыз көже, жаңа піскен нан, самса және қазанда дайындалған палау күтеді. Балалар үшін ұлттық ойындар: арқан тартыс, асық ату, тогызқұмалақ және тағы басқалары ұйымдастырылады.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: