«Ялда кеші» мерекелік шарасы

  • Басталған күні : Dec 18 2024
  • Аяқталған күні : Dec 18 2024
«Ялда кеші» мерекелік шарасы

«Ялда кеші» мерекелік шарасы

Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени өкілдігі

«Ялда кеші» мерекелік шарасы  

 

Астана, Қазақстан – Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени өкілдігі мыңдаған жылдық өркениетке ие Иранның дәстүрлі мейрамдарының бірі «Ялда түніне» орай мерекелік іс-шара өткізеді.

Иранның көне мәдениетінің бір көрінісі болып табылатын «Ялда мерекесі» жылдың ең ұзақ түні әрі осы елдің күнтізбесі бойынша қыс мезгілінің алғашқы кешінде тойланып, Наурыз мейрамынан кейінгі Иран халқының ең маңызды мерекесі есептеледі.  

Иранның Астанадағы мәдени өкілдігі де жыл сайынғы дәстүр бойынша Өкілдіктің жақын серіктеріне айналған әріптес ұйымдар мен оқу орындарының өкілдерін, парсы тілін үйренуші студенттер және Иран мәдениетіне қызығушыларды шақырып, осы маңызды мерекені жылы әрі достық кеңістікте атап өтеді. Биылғы жылғы шараға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық қатынастар, Тарих, Журналистика және әлеуметтік ғылымдар, Экономика факультеттері басшылары, Астана халықаралық университеті басшылығының өкілдері, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы басшылығы, оқытушылар, студенттер мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтеді деп жоспарланып отыр.

Шара барысында осы мейрамның құндылықтары мен рәсімдері және Иранның мәдени ерекшеліктері таныстырылып, мерекелік  дәстүрлі дастархан жайылады.

Шараның уақыты мен өткізілетін орны

Шара 2024 жылдың 18 желтоқсан күні сағат 19.00-20.00 аралығында Астана қаласы, Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени өкілдігінің Ойтоған, 16 мекен-жайында орналасқан ғимаратында өтеді.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: