Біз туралы

Астана
Ali Akbar Talebi Matin
Ali Akbar Talebi Matin (Али Акбар Талеби Матин )
Астана (Astana)
Мәдени өкілдіктің тарихы

  Иран Ислам Республикасының Астана қаласындағы мәдени өкілдігінің қысқаша тарихы

Қазақстан Республикасы 1991 жылың 16 желтоқсанда тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған елдердің бірі Иран Ислам Республикасы болды. Көп ұзамай 1992 жылы 29 қаңтарда жаңа бой көтерген ел астанасы Алматыда Иран Ислам Республикасының Елшілігі өз жұмысын бастады. Бірнеше ай өткеннен кейін Расул Ислами ИИР-ның ҚР-дағы алғашқы Төтенше әрі Өкілетті елшісі ретінде таныстырылып, өз қызметіне кірісті.

1993 жылы 17 сәуірде екі ел арасында мәдени келісімге қол қойылып, екі ел қарым-қатынастың жаңа сатысына көтерілді.

Екі ел арасындағы 2000-2002 жылдарға арналған мәдени алмасудың бірінші бағдарламасына 1999 жылдың қазан айында, ал 2017 жылдың тамызында Теһранда 2017-2019 жылдарға арналған мәдени алмасудың екінші бағдарламасына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі мен Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының басшысы доктор Ибрахими қол қойған болатын.

Дегенмен, екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынас 1995 жылдың басынан Алматыда Иран Ислам Республикасының мәдени бөлімінің құрылуымен жаңа кезеңге аяқ басты. Осы кезде Мехди Санаи Иран Ислам Республикасының алғашқы мәдени өкілі ретінде Қазақстанға жіберілді.

1995 жылы сәуірде Иранның Мәдениет мен исламдық байланыстар ұйымының құрылуы және шетелде жұмыс істейтін мәдени өкілдіктердің бірігуімен Иран Ислам Республикасының мәдени өкілдіктерінің жауапкершілігі Мәдениет және исламдық бағдар министрлігінің халықаралық департаментінен алынып,  мәдениет ұйымына жүктелді.

Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы мәдени бөлімі 1995 жылы өкілдік деңгейіне дейін көтеріліп, 1996 жылдың 4 қыркүйегінде Алматыда қазақстандық ресми тұлғалардың қатысуымен Иран Ислам Республикасының Мәдени өкілдігінің жеке ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымы басшылығының көмегімен және кеңесші Фараджолла Абеди мырзаның өкілеттігі кезінде Алматыдағы Мәдени өкілдіктің ғимаратын сатып алуға күш жұмсалып, Иран Ислам Республикасы Елшілігінің мәдени орталығы ретінде сатып алынды.

1997 жылы Қазақстанның бас қаласы Астанаға көшірілгеннен кейін, барлық шетелдік дипломатиялық өкілдіктер де елдің жаңа астанасына көшті.

2010 жылы Иран Ислам Республикасының Елшілігі Астанаға ауыстырылғаннан кейін Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы мәдени кеңесшісі Делавар Мохаммадпур мырза Иран Ислам Республикасының Астанадағы Елшілігінде уақытша қызмет етті. Дегенмен, келесі кеңесші Асғар Сабери мырзаның өкілеттігі кезінде 2012 жылдың 20 сәуірінде Ойтоған 16 мекен-жайында орналасқан Иран Ислам Республикасы Елшілігінің жаңа Мәдени өкілдігінің ғимараты қазақстандық мемлекеттік қайраткерлерінің қатысуымен ашылып, Өкілдік елшіліктен бөлек  ғимаратта өз қызметін жалғастырды.

Қазақстанда қызмет еткен Иран Ислам Республикасының Елшілігінің мәдени кеңесшілері:

1. Меһди Санаи  - 1995 жылдан – 1998 жылға дейін

2. Фараджулла Абеди - 1998 жылдан - 2001 жылға дейін

3. Мохаммад Али Садат – 2002 жылдан - 2004 жылға дейін

4. Хасан Сафархани – 2005 жылдан - 2007 жылға дейін

5. Делавар Мохаммадпур - 2008 жылдың мамырынан - 2011 жылдың қазанына дейін

6. Асгар Сабери - 2011 жылдың қазанынан 2015 жылдың тамызына дейін

7. Масуд Шейх Зейноддин - 2015 жылдың 11 қыркүйегінен - 2019 жылдың ақпанына дейін

8. Али Кебриайзаде - 2019 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілде айының соңына дейін

9. Али Акбар Талеби Матин – 2021 сәуір айынан – осы уақытқа дейін

Өкілдік қызметі
  • Иран мен Қазақстанның мемлекеттік ұйымдары арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастықты кеңейту
  • Астана қаласының ғылым, білім және мәдениет мекемелерінің мәдени іс-шараларына қатысу
  • Астана университеттерінде және Иранның Қазақстандағы мәдени өкілдігінде парсы тілі мен ирантану курстарын ұйымдастыру
  • Иран мәдениетін таныстыру мақсатында Астанада мәдени шаралар өткізу
  • Түрлі мамандықтар бойынша Иранның үздік университеттерінде оқу үшін мемлекеттік гранттарды бөлу
Өкілдік картасы

[Көбірек]

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: