• Mar 18 2022 - 16:39
  • 474
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

Еуразия ұлттық университетінің Ирантану және парсы тілі кабинетінде Наурыз мерекесі аталып өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университенінің Ирантану және парсы тілі кабинетінде 16 наурыз күні сәрсенбі күні Иранның Қазақстандағы мәдени кеңесшісі, Еуразия ұлттық университетінің мәдени істер жөніндегі проректоры, университеттің Халықаралық қатынастар факультетінің деканы, Шығыстану кафедрасының профессорлары мен студенттерінің қатысуымен Наурыз мерекесін аталып өтті.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университенінің Ирантану және парсы тілі кабинетінде 16 наурыз күні сәрсенбі күні Иранның Қазақстандағы мәдени кеңесшісі, Еуразия ұлттық университетінің мәдени істер жөніндегі проректоры, университеттің Халықаралық қатынастар факультетінің деканы, Шығыстану кафедрасының профессорлары мен студенттерінің қатысуымен Наурыз мерекесін аталып өтті.

Салтанатты шарада Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің деканы Мирас Қосыбаев: «Иранның мәдени кеңесшісінің Қазақстандағы соңғы жылдардағы Иран мәдениеті мен өнерін танытуда, парсы тілі мен әдебиетін оқытуда көрсеткен көмектері мен қолдауына ризашылық білдіреміз. Осындай өзара іс-қимылдар күннен-күнге дамып, тереңдей түседі деп сенеміз.

Келесі сөз алған Али Акбар Талеби Матин Иран елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі алдымен осы салтанатты шараны өткізгені үшін ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, Наурыздың ғасырлар бойы ирандық және қазақ қауымдары куә болған Иран мен Қазақстан арасындағы маңызды ортақтықтардың бірі екенін айтып өтті. Ол өз сөзінде Ирандағы Наурыз мейрамының ерекшеліктері мен салт-дәстүрлеріне тоқталып өтіп, екі елдің арасындағы достық пен бауырластықтың осындай мәдени әрі тарихи ортақтастықтарға байланысты нығая беретініне сенім білдірді.

Шара жалғасында ЕҰУ-нің мәдени істер жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы  Наурыз мерекесімен құттықтай келе: «Иран мен Қазақстанның ортақ тұстары өте көп, Наурыз да солардың бірі»,- деді. Сондай-ақғ ол мәдени  кеңесшіні Еуразия ұлттық университеті ректорының қатысуымен өтетін «Наурыз – халық бірлігінің мәдени коды: ізденіс, тұжырымдама және тәжірибе» тақырыбындағы ғылыми-тәдірибелік конференцияға қатысуға шақырды. Ирантану тобының студенттері парсы тілінде Хафиз бен Саадидің өлеңдерін оқып, салтанатты шара ғылыми және мәдени тақырыптарда мәдени байқаулар өткізумен жалғасын тауып, мерекелік дастарханда басқосумен аяқталды.

 

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: