• Jul 31 2024 - 15:26
  • 33
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

ҚР Сенат төрағасы ИИР-ның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымы басшысымен кездесті

Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкианның ант беру рәсіміне қатысу үшін Теһранға келген Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев ИИР-ның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымы басшысы Мұхаммад Мехди Иманипурмен кездесіп, сұхбаттасты.

Осы кездесудің басында Иманипур Иран президенті доктор Раиси шейіт болған кезде Иран халқына жанашырлық танытқан Қазақстан үкіметі мен халқына ризашылығын білдіріп: «Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі мен Иран Ислам Республикасының бұрынғы және қазіргі президенттері әрдайым Иранның көршілік саясатына баса назар аударып, маңыздылық беріп келеді» деді.

Мәдениет мен исламдық байланыстар ұйымының басшысы Қазақстанда Әлемдік діндер съезінің өтуін мақтауға тұрарлық бастама деп атап: «Мәдениет мен исламдық байланыстар ұйымы Әлемдік діндер съезінің ескі достарының бірі» - дей келе, доктор Джахангириді осы маңызды шараға қатысу үшін Иран Ислам Республикасының өкілі ретінде таныстырды.

 Иманипур Мәулен Әшімбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезі хатшылығының басшысы ретіндегі  сындарлы әрі маңызды рөліне тоқталып өтті. Ол қазіргі таңда дүниежүзілік қоғамдастықта діндерге басымдық беріліп жатқанына назар аудара келе: «Дүние жүзі халықтарының руханияттың жоқтығынан қиыншылықтарға тап болуы әлемдегі рухани тенденциялардың артуына алып келді» деді.

ҚР Сенаты Төрағасы да осы отырыста Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымына келіп отырғанына ризашылық білдіріп: «Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымы дінаралық келіссөздерде маңызды рөл атқарып келеді. Біз Қазақстан Президентінің тапсырмасымен Иран Ислам Республикасы Президентінің ант беру рәсіміне қатысу үшін Тегеранға келдік және біз бұған өте қуаныштымыз. Масуд Пезешкиан мырзаның ант беру рәсіміне қатысу үлкен мәртебе» деді.

ҚР Сенат төрағасы Иран президенті Масуд Пезешкиан және Ислам кеңесінің төрағасы доктор Мохаммад Бакир Калибафпен кездесулерін тілге тиек ете отырып, бұл кездесулерде екіжақты қарым-қатынастардың нығаюы мен дамуына баса назар аударылғанын айтты.

Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымы Қазақстанның діни диалог саласындағы бастамаларын әрдайым қолдайтынын айта келе, Қазақстан Сенатының Төрағасы: «Өткен жылы біз Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-ші съезін өткіздік және Мәдениет ұйымы көп көмек көрсетті. Қазақстандағы Әлемдік діндер съезінің мақсаттарын ілгерілету үшін Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының қолдауы мен ерік-жігері өте маңызды және съезд пен ұйым діни диалогты нығайту саласында тығыз қарым-қатынас жасайды деп үміттенеміз» деді.

Ол әлемде Құран Кәрімді өртеп, діндерді қорлауды тілге тиек ете отырып, халықаралық деңгейде діни келіссөздердің кеңейту қажеттілігіне тоқталды.

Қазақстан Сенатының Төрағасы Фарабиді тек ислам әлеміне ғана емес, әлемге танымал философ деп атап: «Қазақстан мен Иран бұл салада жоғары деңгейде ынтымақтастық жасай алады. Бірлескен комитет құру арқылы ғылыми ынтымақтастықты дамытуға тырысуымыз керек» деді.

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

[Көбірек]

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: