Иранның ұлттық музейі

Иранның ұлттық музейі

Иранның ұлттық музейі

Иранның ең үлкен, ең маңызды әрі ең көне музейі саналатын осы елдің Ұлттық музейі кешенінде палеолит дәуірінен  бастап ислам дәуіріне дейінгі кезеңдерге қатысты ғылыми ізденістердің нәтижесі болып табылатын археологиялық ескерткіштердің басым бөлігі «Көне Иран» және «Археология және Иранның исламдық өнері» деп аталатын екі музей қалыбында ұсынылған. Иранның Ұлттық музейі 1937 жылы елдің алғашқы музейге арналған ғимаратында ашылды. Бұл ғимараттың жобасын Касра аркасынан шабыт ала отырып, француздық сәулетші Андре Годард  жасады, сонымен қатар ирандық сәулетшілер Аббасали Мемар мен ұстаз Мұрад Тебризи де бұл жобаны жүзеге асыруды өз міндетіне алған болатын.

"Көне Иран музейі" екі бөлімнен тұрады: палеолит дәуірінен бастап б.з.д. 4 мыңжылдықтың аяғына дейінгі кезеңге жататын ескерткіштерден құралған "Иранның тарихына дейінгі кезең" (яғни көне дәуірден бастап жазудың пайда болуына дейінгі кезең)  және   б.з.д. 4 мыңжылдықтың аяғынан бастап (яғни, жазу пайда болғаннан бастап)  сасанилер кезеңінің соңына дейінгі ескерткіштерді қамтитын"Тарихи кезеңдегі музей".

Иранның Археология және ислам өнері мұражайы Сасанилердің Бишабур сарайының сегізбұрышты крест түрінде салынған ғимаратың жоспары  негізінде салынған, ауданы 4000 шаршы метрге жуық және үш қабаттан тұрады. Бұл ғимарат Иранның археология және ислам өнері музейін ашу мақсатында жабдықталып 1996 жылы қолданысқа берілді.

Бұл ғимараттың бірінші қабаты мәжіліс залы мен уақытша көрме залына арналған. Екінші және үшінші қабаттарында, Иранның Археология және ислам өнері музейінің ескерткіштері тарихи дәуірлерге сәйкес қойылғандықтан экскурсия үшінші қабаттан басталып, екінші қабатта аяқталады. Қазіргі музейде 6 зал бар: үшінші қабатқа ислам тарихының басталуы, селжұқ және ильханилер залдары кіреді, ал екінші қабатқа Құран, тимурилер, сефевилер, афшарлар, зандтар  мен  қаджарлар залдары кіреді.

Бұл мұражайдағы заттардың көпшілігі ғылыми қазба жұмыстарында тыбалған ескерткіштерден немесе Сафи-ад-дин Ардабили сияқты беделді коллекциялардан іріктеліп алынған.

Атауы Иранның ұлттық музейі
Ел Иран
Сайтhttps://irannationalmuseum.ir/en/

[Көбірек]

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: