Иранның дәстүрлі музыкасының қысқаша тарихы
Иранның дәстүрлі музыкасының қысқаша тарихы
Ирандық музыканың тарихы ежелгі Ираннан бастау алады. Иран бай әрі алуан түрлі музыканың бастауы болып табылады. Дәстүрлі ирандық музыка Иран мәдениеті мен өнерінің құрамдас бөліктерінің бірі болып саналады. Барлық ирандық этникалық топтардың дерлік өзіндік халық музыкасы бар.
Иранда музыка көне заманнан бері маңыздылыққа ие. Ахеменидтер империясы кезінде музыка діни рәсімдер мен сарайларда қолданылды. Сасанидтер дәуірінде де музыка маңызды болды, бұл кезде көптеген аспаптарды пайдаланылды. Сасанидтер империясының музыканттарының бірі Барбад Таяу Шығыста Хосравани деп аталатын алғашқы музыкалық жүйені қалыптастырды. Иранның көптеген көне үлгілері мен әуендері арабтардың осы елге шабуылынан кейін жойылды. Дегенмен, көне аспаптар туралы мағлұматтар қазіргі Иранға ауызша әдебиет арқылы жеткен. Иран алғашқы күрделі аспаптардың отаны болып табылады, олардың кейбіреулері біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдыққа жатады. Иранның түрлі аймақтарында жергілікті халықтардың өзіне тән көптеген үрмелі, ішекті дәстүрлі аспаптары бар.
Иранның ұлттық музыкасында тар, сетар, барбат, сантур, канун, каманче, ней, қичак, рабаб, тонбак, даф, дайере сияқты аспаптар қолданылады. 1950-1960 жылдары Иран музыкасы түбегейлі өзгерді. 1950 жылдары Иранға эстрадалық музыка еніп, алғашқы ирандық поп-рок топтары құрылды. Бұл кезеңде ирандық поп-музыка батыстық эстраданың ықпалында болды. 1960 жылдары ирандық музыкада модернизмнің алғашқы тармақтары пайда болды. 1960 жылдардың ортасында ирандық студиялар барлар мен түнгі клубтардың көмегімен Иранда жаңа танымал музыканың таралуына көмектесті. Осы жылдары Иранның поэзиясы мен музыкасы өзгеріп, музыка жұлдыздары бірінен соң бірі сахнаға шыға бастады.
Атауы | Иранның дәстүрлі музыкасының қысқаша тарихы |
Ел | Иран |