Экотуризм: Туристерге арналған дәстүрлі үйлер

Экотуризм: Туристерге арналған дәстүрлі үйлер

Экотуризм: Туристерге арналған дәстүрлі үйлер

Экологиялық туризм - бұл салыстырмалы түрде зардап шекпеген табиғи аумақтар мен әдемі көне жерлерге баруға бағытталған тұрақты туризмнің бір түрі. Туризмнің бұл түрі Иранда кең таралған.

Бұл ауылдардағы тұрғын үйлердің, дүкендердің және аудан орталықтарының ерекше сәулеті, табиғи сұлулығы, тұнық табиғаты, бірнеше мың жыл бұрынғы тарихи ескерткіштері, көне кәріздер мен өзендер, сонымен қатар жоғары сапалы ауылшаруашылық өнімдер – осының барлығы экотуризмді Ирандағы туристік тартымдылықтардың біріне айналдырды.

Соңғы жылдары туризмнің дамуымен Иранның түкпір-түкпірінде саяхатшылар үшін «дәстүрлі үйлер» деп аталатын көптеген тұрғылықты орындар құрылды. Олардың барлығы әр өңірдің жергілікті және дәстүрлі мәдениетін сақтау және қорғау, сондай-ақ, осы аймақтарға туристердің келуін арттыру мақсатында құрылған. Бұл дәстүрлі үйлер Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының қамқорлығында. Олар туристердің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар ережелерді сақтауы қажет. Бұл қонақ үйлердің өңірдің байырғы тұрғындары мен туристер үшін тиімді тұстары туралы айтқымыз келеді.

Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымы бұл үйлерге келесідей анықтама береді:

Дәстүрлі үйлер – экологиялық стандарттары жоғары табиғи ортада, жергілікті дәстүрлі сәулетіне, тарихына және аймақтың табиғи ландшафтына сәйкес жасалған, жергілікті халықпен, оның дәстүрлерімен және мәдениетімен барынша өзара әрекеттесу қамтамасыз етілген тұрғын үйлер.

 

Шын мәнінде, жергілікті тұрғындар туристерге жергілікті халықтың өмір салтымен танысу және қонақтарына ұмытылмас естеліктер сыйлау, сонымен қатар өздеріне табыс көзін алу үшін жайлы орын дайындайды.

Иранның әр түкпірінде тиімді пайдаланылуы тиіс құнды туристік ресурстар бар. Бұл қонақ үйлердің барлығы дәстүрлі рухта ұсынылатын қызмет көрсету деңгейіне қарай жіктеледі және қонақтарды демалу және ұйықтау үшін орын, жуынатын бөлме мен дәретхана, асхана және тамақ пісіру орындарын және т.б. қамтамасыз етуі керек.

Бүгінде Иранның әрбір провинциясы мен аймағында мұндай үйлерді көптеп кездестіруге болады. Елде мұндай ауылдық үйлердің саны 2012 жылы 20 тұрғын үй болса, бүгінде 700-ден асты.

Атауы Экотуризм: Туристерге арналған дәстүрлі үйлер
Ел Иран
ТүріЭкотуризм

[Көбірек]

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: