• Jan 23 2026 - 16:39
  • 7
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

Иран Мәдени орталығындағы (Астана) Дипломатиялық клубы мүшелеріне арналған (Иран - гүлдену жолында: ғылым, білім, өнер) атты танымдық лекция

23.01.2026 жылы Алматы қаласындағы Иран Мәдени орталығында «Астана» Дипломатиялық клубы мүшелеріне арналған «Иран – гүлдену жолында: ғылым, білім, өнер» атты танымдық лекция өтті.

23.01.2026 жылы Алматы қаласындағы Иран Мәдени орталығында «Астана» Дипломатиялық клубы мүшелеріне арналған «Иран – гүлдену жолында: ғылым, білім, өнер» атты танымдық лекция өтті.

Іс-шараны Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының мәдени атташесі Ағазаде Хоссейн мырза жүргізіп, қатысушыларға Иран мемлекетінің бүгінгі дамуы, ғылым мен білім саласындағы жетістіктері, өнері мен мәдениеті, сондай-ақ Иран мен Қазақстан арасындағы достық әрі әріптестік қарым-қатынастар туралы жан-жақты мағлұмат берді. Сонымен қатар, лектор парсы тілінің маңызына тоқталып, оның тарихи-мәдени мұра ретіндегі орны мен қазіргі заманғы қолданысы жайында қызықты деректермен бөлісті.

Лекция барысында Иранның бай тарихы, көпқырлы мәдениеті, ғылыми әлеуеті, жоғары білім беру жүйесі, сондай-ақ өнер саласындағы заманауи үрдістер кеңінен қамтылды. Қатысушылар дәрісті зор қызығушылықпен тыңдап, ұсынылған ақпараттың мазмұндылығын жоғары бағалады.

Іс-шара соңында қонақтар тарапынан лекторға бірқатар сұрақтар қойылды. Атап айтқанда:

– Дипломатия саласына қалай келдіңіз?

– Дипломатиялық қызмет барысында қандай қиындықтар мен сынақтарға тап болдыңыз?

– Дипломат болудың артықшылықтары мен жауапкершілігі неде?

– Парсы тілі курстары қалай ұйымдастырылады және оған қалай қатысуға болады?

Ағазаде Хоссейн мырза бұл сұрақтардың барлығына өз кәсіби тәжірибесіне сүйене отырып, өмірінен нақты мысалдар келтіре отырып, байыпты әрі мазмұнды жауаптар берді. Оның әңгімелері қатысушылар үшін ерекше қызықты әрі тағылымды болды.

Аталған іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін «Астана» Дипломатиялық клубы атынан Иран Мәдени орталығының директоры Ағазаде Хоссейн мырзаға, сондай-ақ орталық қызметкерлері Досмұрат Нұрәділ мен Сатылғанова Бағдатқа алғыс хат табысталды.

Өз кезегінде, Иран Мәдени орталығы тарапынан «Астана» Дипломатиялық клубының президенті Қайырболат Сахметов мырзаға және оның көмекшісі Бейсенова Жанна ханымға көрсеткен ынтымақтастығы мен мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлестері үшін алғыс хаттар берілді.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар ортақ естелік суретке түсіп, арнайы қонақтарға жайылған дастарханнан дәм татты. Сонымен қатар, қонақтар Иран Мәдени орталығының қызметімен танысып, иран қолөнер бұйымдарын, кітаптарды, сондай-ақ иран халқының ұлттық киімдерін тамашалады.

Аталған лекция Иран мен Қазақстан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға, өзара түсіністік пен достықты тереңдетуге бағытталған маңызды әрі мазмұнды іс-шара болды.

Almaty Kazakhstan

Almaty Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: