• Mar 3 2025 - 10:08
  • 9
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

Қазақстан Ұлттық кітапханасының жаңа директорымен кездесу

2025 жылғы 3 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасының директоры болып тағайындалған Ғазиза Құдайбергенқызын құттықтау әрі екіжақты танысу мақсатында Иран Мәдени орталығының басшысы Ағазаде Хоссейнмен кездесу өтті.

2025 жылғы 3 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасының директоры болып тағайындалған Ғазиза Құдайбергенқызын құттықтау әрі екіжақты танысу мақсатында Иран Мәдени орталығының басшысы Ағазаде Хоссейнмен кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар өзара танысып, мәдени және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған мәселелерді талқылады. Алдымен Иран Мәдени орталығы ұсынған іс-шаралардың өткізілу мерзімі мен ұйымдастыру тәртібі қарастырылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Иран Ислам Республикасының Ұлттық кітапханасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бірлескен жобалар әзірлеу, сирек кітаптар мен қолжазбалардың сақталуы мен реставрациясы бағытында тәжірибе алмасу мәселелері көтерілді. Осы мақсатта ҚР Ұлттық кітапханасы қызметкерлері үшін кәсіби курстар ұйымдастыру және Иранда тәжірибеден өткізу мүмкіндіктері талқыланды.

Ғазиза Құдайбергенқызы ҚР Ұлттық кітапханасының 2025 жылы 115 жылдық мерейтойын атап өтетінін айтып, осы ауқымды дата аясында бірқатар мәдени-танымдық жобаларды жүзеге асыруды ұсынды. Өз кезегінде Иран Мәдени орталығы тарапынан бірлескен іс-шараларға, соның ішінде Ұлттық кітапханадағы «Иран бұрышына» қолдау көрсетілетіні жеткізілді. Сонымен қатар, парсы тілі мен каллиграфия курстарын ұйымдастыру бастамасы көтерілді.

Кездесу соңында Ағазаде Хоссейн Ғазиза Құдайбергенқызын жаңа лауазымымен құттықтап, арнайы сыйлықтарын табыстады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының ұжымын 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, оларға гүл шоқтары мен құттықтау хаттарын табыс етті.

Бұл кездесу екі ел арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға және өзара тиімді әріптестікті дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.

Almaty Kazakhstan

Almaty Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: