• Dec 12 2025 - 15:12
  • 30
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

Ұлттық кітапханада парсы тілі курсын аяқтаған оқушыларға сертификат табысталды

2025 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында парсы тілі курсына қатысқан оқушыларға сертификат табыстауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл басқосу Қазақстан мен Иран арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды. Шараға Ұлттық кітапхана директоры Ғазиза Құдайбергенқызы, Иран Мәдени орталығының директоры Хұсейн Ағазаде, кітапхана қызметкерлері, курс қатысушылары мен қонақтар қатысты.

2025 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында парсы тілі курсына қатысқан оқушыларға сертификат табыстауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл басқосу Қазақстан мен Иран арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды. Шараға Ұлттық кітапхана директоры Ғазиза Құдайбергенқызы, Иран Мәдени орталығының директоры Хұсейн Ағазаде, кітапхана қызметкерлері, курс қатысушылары мен қонақтар қатысты.

Салтанатты жиынды Ұлттық кітапхана директоры Ғазиза Құдайбергенқызы ашып, жиналған қауымды айтулы күнмен құттықтады. Ол өз сөзінде Ұлттық кітапхананың тек кітап сақтайтын орын ғана емес, сонымен қатар мәдениет пен білімнің, ғылым мен руханияттың ордасы екенін атап өтті. Директор кітапхана қорында сақталған парсы тіліндегі сирек кітаптар, қолжазбалар мен ғылыми еңбектердің маңызына тоқталып, парсы тілі курсының оқырмандардың тілдік білімін арттырумен қатар, екі ел арасындағы тарихи-мәдени байланысты терең түсінуге мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен бірге Қазақстан мен Иран арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытуда мұндай курстардың рөлі зор екенін ерекше атап өтті.

Иран Мәдени орталығының директоры Хұсейн Ағазаде өз сөзінде Қазақстан мен Иран арасындағы достық қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді. Ол 2025 жылдың 11 желтоқсанында екі ел президенттерінің ресми кездесуі өткенін, кездесуде мәдениет, білім, ғылым және экономика салаларын дамытуға бағытталған бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл келісімдер болашақта екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге жол ашады. Осыған байланысты парсы тілін меңгерген, мәдениеттерді терең түсінетін мамандарға деген сұраныс арта түсетінін айтып, курс тыңдаушыларына үлкен сенім білдірді.

Іс-шара барысында парсы тілі курсын сәтті аяқтаған 20-ға жуық тыңдаушыға арнайы сертификаттар салтанатты түрде табысталды. Сертификат иегерлері өздерінің алған білімдерін сахна төрінде паш етті. Әр тыңдаушы парсы тілінде бір-бір өлеңнен оқып, тіл меңгерудегі жетістіктерін көрсетті. Сонымен қатар курс тыңдаушылары шығыс әдебиетінің көрнекті өкілдері — Омар Хайям мен Хафиздің шығармаларынан үзінділер оқып, парсы тіліндегі әндерді орындады. Бұл көріністер көрермендерге ерекше әсер қалдырып, залда отырған қауымның ыстық ықыласына бөленді.

Аталған курс — Иран Мәдени орталығының ұйымдастыруымен өткен парсы тілі курстарының төртіншісі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын парсы тіліне қызығушылық танытушылардың қатары көбейіп келеді. Бұл өз кезегінде Қазақстан мен Иран арасындағы ғылым, білім және мәдениет салаларындағы өзара ықпалдастықтың нығайып келе жатқанын көрсетеді. Осындай білім беру жобалары алдағы уақытта да жалғасын тауып, екі ел арасындағы рухани байланысты одан әрі тереңдетеді деген сенім білдірілді.

Almaty Kazakhstan

Almaty Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: