• Aug 31 2025 - 14:48
  • 18
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

Иран Ислам Республикасының спорттық құзға өрмелеу ұлттық құрамасының Алматы сапары

Иран Ислам Республикасының спорттық құзға өрмелеу ұлттық құрамасы Азия кубогына қатысу мақсатында Алматы қаласына келді. Халықаралық деңгейде өткен бұл жарыс үш күнге созылып, спортшылардың шеберлігі мен дайындық деңгейін сынаған маңызды дода болды. Жарыс Алматы қаласының көрнекті орындарының бірі – Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы «Шабыт» амфитеатрында өтті.

Бұл сайыста Иран ұлттық құрамасының спортшысы Сарина Ғафари ерекше өнер көрсетіп, «лид» санатында күміс жүлдені жеңіп алды. Оның бұл жетістігі Иран спорты үшін зор мақтаныш болып, құрама үшін халықаралық аренадғы тағы бір табысты нәтижеге айналды.

Сапар барысында ұлттық құрама мүшелері Алматыдағы Иран Мәдени орталығында қонақ болды. Олар Орталықтың басшысы Хұсейн Ағазаде мырзамен кездесіп, орталықтың қызметі мен атқарылып келе жатқан мәдени жобаларымен танысты. Әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы достық, мәдени және спорттық ынтымақтастықты нығайтуға қатысты пікір алмасты. Сонымен қатар, қазақстандық мәдениет, дәстүр және қоғам өміріне қатысты спортшылардың қойған сұрақтарына жан-жақты жауап берілді.

Ирандық спортшылар Алматы қаласының табиғатына, мәдени ортасына және қонақжайлылығына жоғары баға берді. Олар Қазақстанда өткізген күндерін ерекше әсермен атап өтіп, мұндай сапарлар екі ел арасындағы өзара түсіністік пен достықты арттыратынын жеткізді.

Кездесу соңында ұлттық құраманың құрметіне арнайы дастарқан жайылып, достық пен бауырластықтың жылы лебі сезілді. Иран ұлттық құрамасы Қазақстаннан жағымды әсер алып, жоғары нәтижелермен елге оралды.

Almaty Kazakhstan

Almaty Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: