• Dec 26 2025 - 10:34
  • 24
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

Қазақстан ирантанушыларының кезекті отырысы өтті

26 желтоқсан күні Қазақстан Ирантанушылар қауымдастығының кезекті отырысы өтті. Жиын онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылып, ирантану саласындағы мамандар мен жас зерттеушілерді бір алаңға тоғыстырды.

26 желтоқсан күні Қазақстан Ирантанушылар қауымдастығының кезекті отырысы өтті. Жиын онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылып, ирантану саласындағы мамандар мен жас зерттеушілерді бір алаңға тоғыстырды.

Отырысқа Қазақстан Ирантанушылар қауымдастығының төрағасы Батырхан Болатбек, Иран Мәдени орталығының директоры Ағазаде Хұсейн, «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Бағдат Құдияр, сондай-ақ қауымдастық мүшелері – университет оқытушылары, докторанттар, студенттер және басқа да ирантанушылар қатысты.

Жиынды Қазақстан Ирантанушылар қауымдастығының төрағасы Батырхан Болатбек ашып, 2025 жылды қорытындылады. Өз сөзінде ол атқарылған жұмыстарға тоқталып, қол жеткізілген нәтижелерді атап өтті, сондай-ақ алдағы 2026 жылға арналған жоспарлар мен басым бағыттарды таныстырды.

Келесі сөз кезегінде Иран Мәдени орталығының директоры Ағазаде Хұсейн қауымдастықтың қызметіне әрдайым қолдау көрсететінін білдіріп, кез келген ұсыныс пен бастаманы ашық түрде ортаға салуға болатынын айтты. Сонымен қатар ол қауымдастықтың ресми сайты болуы қажеттігін, Иран туралы ғылыми әрі танымдық ақпараттарды жүйелі түрде жариялау керектігін атап өтті және бірқатар нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын барысында қатысушылар да өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын белсенді түрде білдірді. Атап айтқанда, қауымдастықтың жұмысын жандандыру, ғылыми мақалалар жазу мен жариялауды жолға қою, қауымдастыққа арнайы логотип пен ресми сайт әзірлеу, нақты ғылыми бағыттар бойынша жүйелі зерттеу жұмыстарын бастау, ғылыми-зерттеу басымдықтарын айқындау, сондай-ақ белсенді әрі нәтижелі жұмыс атқарған мүшелерді ынталандыру мақсатында марапаттау жүйесін енгізу жөнінде ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар жиын аясында парсы тілінен аударылып, «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының баспасынан жарық көріп, қазіргі таңда сатылымға шыққан «Бір беттік кітап – 2» еңбегінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Жалпы алғанда, Қазақстан Ирантанушылар қауымдастығының кезекті отырысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Жиын қорытындысы бойынша қауымдастықтың алдағы отырыстарын әр 2–3 ай сайын тұрақты түрде өткізу туралы шешім қабылданды.

Almaty Kazakhstan

Almaty Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: