• Jun 7 2022 - 17:11
  • 302
  • Оқу ұзақтығы : 2 minute(s)

«Астана ақшамы» газеті редакциясымен танысу

Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени өкілі Әли Акбар Талеби Матин «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы Еркін Қыдырмен кездесіп, осы газеттің редакциясымен танысып қайтты.

Иранның Қазақстандағы мәдени өкілі екі тарап арасындағы күш-жігер мен ынтымақтастықты жоғары бағалай отырып: «Иран мен Қазақстан халықтарының діні, мәдениеті, тарихы мен дәстүрлері ұқсас әрі тәуелсіздік алғаннан кейін екі тараптың ресми тұлғаларының ерік-жігерімен екі дос және бауырлас елдің арасындағы қарым-қатынастары әрдайым даму жолында болды. Иран мен Қазақстанның көрші елдер ретінде көптеген мүмкіндіктері мен әлеуеттері бар. Өкінішке орай, бұл мүмкіндіктер толық пайдаланылмады, сондықтан екі ел арасындағы қарым-қатынасты лайықты деңгейге көтеру қажет, бұл мәселеде бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы зор» - деді.

Талеби Матин сөзін жалғастыра келіп: «Осыған байланысты екі жақтың талпынысымен көптеген тиімді шараларды жүзеге асыруға болады»- деді. Иранның мәдениет жөніндегі кеңесшісі Иранның түкпір-түкпіріндегі басылымдардың көптігі мен олардың әртүрлі қалалардағы санына тоқталып: «Қазақстаннан БАҚ делегациясын Иранға жіберу қазақстандықтардың осы саладағы тәжірибесі мен білімін арттыруға көмектесіп, олардың қазақстандық ақпарат құралдарында Иран туралы дұрыс ақпарат таратуына жақсы негіз бола алады» - деді.

«Астана ақшамы» газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр да өз кезегінде: «Қазақстан халқы ирандық атақты ақындардың өлеңдерімен жақсы таныс», - дей келе ынтымақтастық салаларын талқылап: ««Астана ақшамы» газеті Иран елшілігімен және өкілдерімен жақсы ынтымақтастықта. Жақында Иранның Қазақстандағы елшісімен егжей-тегжейлі сұхбат, сондай-ақ екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастар туралы бірнеше мақала жарияланды. Қазір газет тілшілерінің бірі басылымға Иранды таныстыратын жан-жақты мақала дайындап жатыр. Газетте шет елдерге байланысты «Шартарап» және «Көрші ақысы» деген екі айдар бар. Иран Қазақстанның Каспий теңізі арқылы көршісі болғандықтан, Иран туралы мақалалар мен жаңалықтарды осы екі бөлімде жариялауға болады» - деді.

Кездесу жалғасында Әли Акбар Талеби Матин тек қазақ тіліндегі «Астана Ақшамы» газетін ғана емес, орыс тіліндегі «Вечерняя Астана» газетін және Elorda Info порталын басқаратын Elorda Aqparat компаниясының түрлі бөлімдерінде болды. Иранның мәдени өкілі орыс тіліндегі «Вечерняя Астана» газетінің редакторы және Elorda Aqparat компаниясы басшысы орынбасарымен кездесіп, сұхбаттасты.

Elorda Aqparat компаниясы директорының бірінші орынбасары Дүйшенов Ғани Сұлтанұлы осы кездесуде: «Астана ақшамы газеттері еліміздің түкпір-түкпіріндегі әлеуметтік мекемелерде таратылады және оны елдегі барлық лауазымды тұлғалар оқиды. Бұл газет әлеуметтік мәселелерді шешуде де өз ықпалин тигізіп келеді» деді.

Кездесу соңында екі жақтың БАҚ байланысын дамыту және нығайту мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы шешім қабылданды. Осы меморандум негізінде елдерді таныстыру бойынша кітаптар шығару, ақпарат құралдары делегацияларымен алмасу, аталмыш газетте ирандық атаулы күндерге байланысты мақалалар жариялау сияқты іс-шаралар атқарылатын болады.

Айта кетер жайт, «Астана ақшамы» газеті 1990 жылы 13 қазанда жарық көре бастады. Ол аптасына үш күн орыс және қазақ тілдерінде шығатын қоғамдық-саяси газет әрі  ресми түрде Нұр-Сұлтан әкімдігіне қарайды.

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: