• Dec 20 2024 - 17:11
  • 11
  • Оқу ұзақтығы : 3 minute(s)

Астандағы Иран мәдени өкілдігінде дәстүрлі «Ялда түні» мерекесі өтті

Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындығы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матин мырзаның ұйымдастыруымен Иранның ежелгі дәстүрлі мерекесі Ялда түніне орай Астана қаласындағы Иран елшілігінің мәдени өкілдігінде керемет рәсім өтті.

Бұл іс-шараға Астана қаласының ғылыми және академиялық орталықтарынан жоғары мәртебелі меймандары, оның ішінде ҚР-ның Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының басшысы Болдыков Жандос Бекділдаұлы және әріптестері, Астана халықаралық университеті Тұрақты даму және халықаралық ынтымақтастық орталығының басшысы Ибраева Айгерім Ергалиевна, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Экономика факультетінің Туризм кафедрасының меңгерушісі Муталиева Ляйля Маратовна, Халықаралық қатынастар факультетінің Шығыстану кафедрасының меңгерушісі Биримкулова Гульнар Усербаевна, Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультеті деканының академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары Амангельдиев Асан Әзімханұлы, Тарих кафедрасының меңгерушісі Сейтказина Құралай Отаубаевна, Қазақстан Радиокомпаниясының өкілі Алғожина Данагүл, Қазақстан Ұлттық қорғаныс университетінің оқытушысы Бабалыкова Данагул Кабдулсагитқызы қатысты. Сондай-ақ, бұл мерекеге елорданың Назарбаев университеті, Астана халықаралық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және мәдени өкілдіктің парсы тілі студенттерінің қатысуымен өтті.

Салтанатты шараның ашылу рәсімінде Иранның мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матин қонақтарды қарсы ала отырып, ежелгі ирандық Шаб-е Ялда мерекесімен құттықтап, оның Қазақстанның тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келгенін де тілге тиек ете отыра, қонақтарды осы айтулы күнмен құттықтады.

Ялда сөзінің сирийлік екенін және оның туу деген мағынаны білдіретінін, мәтіндерде айтылғандарға сүйене отырып, оның Мәсіхтің туылуымен байланысын атап көрсетті, ал екінші жағынан, оның басқа түсіндірмесін, яғни с.ғ.с. Күннің немесе Издмехрдің қысқы күн тоқырау кезінде тууы жайлы айтты. Бірақ өз көзқарасы бойынша, ол осынау көне мерекенің көптеген ерекшеліктерін санамалап өтті, оның ішінде ең бастысы – мұңды қойып, бақыт пен жанашырлық дастарханына отыру, бірге болуды бағалап, осындай мүмкіндіктерді тиімді пайдалану. Ол сондай-ақ Ялданың ирандық мәдениеттің адам мен табиғаттың туысқандығы туралы көзқарасының жемісі екенін баса айтты; Иранда отбасының әрқашан жоғары орынға ие болғандығы және оның Шаб-е Челле рәсімінде басты рөл атқаратыны бұл түнде барлық отбасы мүшелерін жинайды, үлкендер кішілерді адамдарға жол көрсетуші болған биік ұғымдармен таныстырады, ғасырлар бойы парсы әдебиетінің Хафиз бен Саади мен Фирдауси өлеңдерін оқиды. Ол әсіресе басқа ұлттардың ойлары мен идеяларын білудің ең жақсы жолы олардың мәдениетімен танысу екенін, парсы тілін үйреніп, ирантану ғылымына қызығушылық танытқан студенттердің де ирандық мәдениеттің нәзік тұстары мен ерекшеліктерін білуі қажеттігін атап өтті. Сөзінің соңында ол қонақтарға көнеден келе жатқан осынау тамаша мерекеге ынта-ықыласпен қатысқандары үшін алғысын білдірді.

Кейін Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының басшысы Жандос Болдыков қонақтарды Шаб-е Челле мерекесімен құттықтап, осынау атаулы шара ұйымдастырғаны үшін Иранның мәдени өкілдігіне алғысын білдірді. Ол сондай-ақ өз сөзінде Иранның мәдени өкілдігі мен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы арасындағы жақсы, оң және сындарлы қарым-қатынастарға тоқтала отырып: «Біз Иранның мәдени өкілдігімен ең көп ынтымақтастыққа қол жеткіздік және Иранның мәдени өкілдігі басқа дипломатиялық өкілдіктермен салыстырғанда белсендірек екенін айтуымыз керек. Қазақстандағы мекемелер барынша қолдау мен ынтымақтастыққа ие болды. Иранның мәдени өкілдігі қызметі мәдени және академиялық салаларда өте белсенді және осы уақытқа дейін бірге жақсы жоспарларымыз бар және келесі жылға көптеген ортақ жоспарларымызды талқыладық,-деді.

Одан кейін «Шаб-е Челле» мерекесімен құттықтауға Астана халықаралық университетінің Тұрақты даму және халықаралық ынтымақтастық орталығының басшысы Айгерим Ибраева, екіжақты ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қойылғаннан бергі үш жыл ішінде мәдени өкілдік пен университет арасындағы жақсы қарым-қатынасты атап өтті, соның ішінде студенттер үшін парсы және ирантану сабақтарын ұйымдастыру және осы университет пен Иранның Хорезми университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес, 2025 жылғы академиялық семестрде Екі шет тілі мамандығына парсы тілі оқытылатынына ризашылығын білдірді.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультеті деканының академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары Амангельдиев Асан Әзімханұлы және Халықаралық қатынастар факультетінің Шығыстану кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Бірімқұлова «Ялда түні» мерекесіне орай құттықтауларын жеткізді. Сондай-ақ Бірімқұлова ханым Иранның мәдени өкілдігінің жақсы ынтымақтастығы мен қолдауы үшін алғысын білдіріп, былай деді: «Осы тығыз ынтымақтастықтың нәтижесінде біз қазір осы университеттің парсы тілін бітірген бірқатар түлектерінің мәдени өкілдікте атқарып жүрген қызметтері мен белсенділігіне куә болып отырмыз және Иранмен одан әрі ынтымақтастыққа үмітін білдірді.

Тілектерден кейін Хафиз оқуы және Хафиз бал ашуын қонақтарға тарату, «Мың бір түн» хикаяларының бірін орындау, ирандық ән айту және студенттердің Ялда түнін сипаттайтын белгілі парсы жазушыларының бірнеше өлеңдерін оқу, ирандықтар арасында Шаб-е Челле философиясы туралы әдемі және әсерлі ролик көрсету және байқау өткізу, жеңімпаздарға сыйлықтар беру осы кешке дайындалған көңілді бағдарламалардың қатарында болды. Салтанатты шараның қорытынды бөлігі естелік суретке түсумен аяқталды.

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: