Аятолла Хаменеидің Сионистік режимнің елге жасаған шабуылынан кейінгі үшінші бейнеүндеуі

Иранның ардақты да ұлы халқына шын жүректен сәлем мен игі тілектерімді жолдаймын. Ең алдымен, соңғы оқиғаларда қаза тапқан қастерлі шейіттердің, оның ішінде шейіт сардарлар мен шейіт ғалымдардың рухына тағзым етемін. Олар Ислам Республикасына шын ниетпен, әділетті түрде қызмет етіп, аса құнды еңбек сіңірді. Бүгінде олар Жаратушының алдында өздерінің көрнекті қызметтері үшін сауабын алуда, Иншалла.
Иранның ұлы халқына шын жүректен құттықтауымды білдіремін. Бұл жерде бірнеше құттықтауды жеткізгім келеді:
Біріншісі = жалған сионистік режимге қарсы жеңіс үшін. Барлық дабырасына, даңғой сөзіне қарамастан, сионистік режим Ислам Республикасының соққыларының астында күйреп, тізе бүкті. Ондай соққыны Ираннан көреміз деп олар тіпті елестетпеген де еді, бірақ ол іске асты. Аллаға шүкір, Қарулы күштерімізге жәрдем беріп, олардың көп қабатты қорғаныс жүйесін бұзып өтіп, көптеген әскери және қалалық нысандарын зымыранмен және қарумен жермен-жексен етуге мүмкіндік берді! Бұл = Алланың ең үлкен нығметтерінің бірі. Бұл оқиға сионистік режимге Иран Ислам Республикасына шабуыл жасаудың өздері үшін үлкен шығынға әкелетінін ұқтырды.
Құдайға шүкір, бұл орын алды. Бұл = біздің Қарулы күштеріміздің және сол күштерді ішінен шығарып, тәрбиелеп, қолдап, осындай үлкен істі жүзеге асыруға қуат берген халқымыздың мақтанышы.
Екінші құттықтау = ардақты Иранымыздың Америка режимі үстінен одан әрі жеткен жеңісі туралы. Америка режимі бұл соғысқа тікелей араласты, себебі ол араласпаса, сионистік режим толық жойылады деп есептеді. Олар сионистік режимді құтқару үшін соғысқа кірісті, бірақ ешқандай жетістікке жете алмады.
Біздің ядролық нысандарымызға шабуыл жасалды = бұл әрекетті халықаралық соттарда жеке тергеп, жауапқа тартуға толық негіз бар. Бірақ олар айтарлықтай ештеңе істей алмады. АҚШ президенті болған оқиғаны асыра дәріптеді, бұл оның соншалық дәріптеуге мұқтаж екенін көрсетті. Кім сол сөздерді тыңдаса да, олардың артында басқа шындық жатқанын түсінді. Олар өз мақсаттарына жете алмады, шындықты жасыру үшін барынша асырып көрсетуде. Бұл жерде де Иран Ислам Республикасы жеңіске жетті және Америкаға ауыр соққы жасады = аймақтағы АҚШ-тың маңызды әскери базаларының бірі, әл-Удейд базасына шабуыл жасалды және шығын келтірілді.
Сол оқиғаны асыра көрсеткендер, енді бұл шабуылды азайтып көрсетуге тырысуда, ештеңе болмағандай көрсеткісі келеді. Бірақ бұл = үлкен оқиға. Иран Ислам Республикасының аймақтағы АҚШ-тың маңызды нысандарына жетіп, қажет деп тапқан жағдайда шара қолдана алуы = бұл кішігірім нәрсе емес, бұл = маңызды, алдағы уақытта да қайталануы мүмкін жағдай. Егер тағы да шабуыл жасалса, дұшпан үшін бұл өте ауыр шығынға ұласатыны сөзсіз.
Үшінші құттықтау = Иран халқының ерекше бірлігі мен ауызбіршілігі үшін арналады. Аллаға шүкір, 90 миллионға жуық халқы бар ел біртұтас, бір үнмен, иық тірестіріп, ешқандай айырмашылықсыз ортақ мақсат пен талап жолында бірге тұрды, ұрандатты, үн қатты, қарулы күштердің әрекетін қолдады. Бұл бірлік алдағы уақытта да жалғасады.
Иран халқы осы оқиғада өзінің ұлылығын, ерекше және көрнекті болмысын көрсетті. Қажет сәтте бұл халықтан бір ғана үн шығатынын дәлелдеді. Аллаға шүкір, бұл да жүзеге асты.
Мен өз сөзімнің басты тұжырымдарының бірі ретінде мынаған тоқталғым келеді: АҚШ президенті өз мәлімдемелерінің бірінде: Иран тізе бүгуі керек деді. «Тізе бүгуі керек!» Бұл енді уран байыту, ядролық технология емес, бұл - Иранды толық бағындыру туралы сөз.
Әрине, АҚШ президентінің уысынан мұндай сөз шығуы - орынсыз әрі тым даңғойлық. Ұлы тарихы бар, бай мәдениеті бар, темірдей ұлттық жігері бар Иран елі үшін «тізе бүгу» деген сөз = бұл иран халқын білетін адамдар үшін күлкілі әрі масқара ұғым. Бірақ осы мәлімдеме арқылы ол бір шындықты әшкерелеп қойды.
АҚШ Иран Ислам Республикасына қарсы әрекеттерін революцияның алғашқы күнінен бастап жалғастырып келеді. Әр жолы әртүрлі сылтау табады: бірде адам құқығы, бірде демократия, әйелдер құқығы, бірде ядролық мәселе, бірде зымыран өндірісі. Бірақ бар мәні бір-ақ нәрседе = Иранды бағындыру.
Бұған дейінгілер мұны ашық айтпайтын, себебі бұл адамзат логикасына қайшы. Ешбір елге «кел де тізе бүк» деп айту = қорлау. Сондықтан олар бұл ойларын әртүрлі бүркемелермен жасырып келген. Ал бұл адам шын жүзін көрсетті = АҚШ тек толық бағынуды қалайды, одан кеміне келіспейді.
Бұл = өте маңызды жайт. Иран халқы бұл тартыстың түпкі мәнін түсінуі керек. Бұл = Америка тарапынан жасалған үлкен қорлық. Бірақ мұндай жағдай ешқашан болмайды. Ешқашан!
Иран халқы = ұлы халық. Иран = қуатты әрі кең байтақ ел. Иран = көне өркениеттің иесі. Біздің мәдени және өркениеттік байлығымыз = АҚШ және соған ұқсас елдермен салыстырғанда жүздеген есе артық. Иранның басқа бір елге тізе бүгуін күту = ақылға сыймайтын, мәнсіз сөз. Бұл сөздер = дана әрі парасатты жандар үшін мазақ қана.
Иран халқы = ардақты халық, әрі ардақты болып қала береді. Ол жеңіске жетіп отыр және Алланың қалауымен әрдайым жеңіске жете береді. Жаратушы Алла Тағала бұл халықты Өз мейірімімен әрдайым абыроймен, қадірмен сақтасын. Ұлы имамымыздың дәрежесін биік етсін, және имам Мәһди (ғ.с.) осы халыққа разы болып, өзінің қолдауы мен жәрдемін аямасын.
Уассаламу алейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ.
Пікір қалдырыңыз.