• Mar 23 2022 - 18:01
  • 269
  • Оқу ұзақтығы : Less than one minute

ИИР-ның ҚР-дағы елшілігінің мәдени өкілдігінде Наурыз мейрамы аталып өтті

ИИР-ның ҚР-дағы елшілігің мәдени өкілдігінде Иран елшілігі мен Нұр-Сұлтан қаласындағы ирандық мекемелер қызметкерлері мен олардың отбасыларының және осы қалада тұрақтанған ирандықтардың қатысуымен жексенбі 20 наурыз күні Наурыз мерекесі аталып өтті.

Құран оқылуымен басталған бұл рәсімде мәдени істер жөніндегі кеңесші Талеби Матин жиналғандарды құттықтап, шақыруды қабыл алып келгендерге алғысын білдіре отырып, жаңа жылда тыныштық, күш-қуат, саулық пен сәттілік тіледі. Одан кейін Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымы ұсынған Наурыз деректі фильмі көрсетілді.

Шара жалғасында Иранның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Самадзаде Сабер өз сөзінде әлемде Наурыз мейрамы ресми танылып, оны әлемнің 11-ден астам елінде тойлап жатқанын айтты. Ол сөз жалғасында: «Иран – Наурыз мерекесін тойлатуды ешқашан тоқтатпаған жалғыз халық. Наурыздың шыққан жері – Иран. Бұл мейрам Ираннан мерекені Наурыз атауымен атап өтетін басқа елдерге, соның ішінде Қазақстанға да тарады. Наурыз Иран мен Қазақстанның ортақ тарихының символдарының бірі әрі екі ел бұл рәсімді кең ауқымды түрде тойлайды»- деді.

Нұр-Сұлтан филармониясының «Қорқыт» ансамблі мен әншілері парсы тілінде «Ей, Иран» және «Андак-андак» әндері мен қазақ күйлерін орындаумен келген қонақтарды тәнті етті.

Аталмыш шара қонақтардың Наурыз дастарханынан дәм татуымен аяқталды.

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: