• Jun 15 2025 - 16:03
  • 3
  • Оқу ұзақтығы : Less than one minute

ИИР Президенті Масуд Пезешкианның сионистік режимнің қылмыстық шабуылдарынан кейінгі жолдауы

Израильдің Иранға жасаған шабуылына байланысты Иран Президенті Масуд Пезешкиан жолдауында былай деді: «Барлық халықаралық міндеттемелерге қайшы келетін бұл жабайы әрекет - басқыншылыққа, зорлық-зомбылыққа және сәбилерді қырып-жоюға негізделген заңсыз сионистік режимнің қылмыстық болмысының айқын дәлелі».

«Мүміндер арасында Аллаға берген уәдесіне берік болған ерлер бар: олардың кейбірі бұл жолда жанын берді, кейбірі болса (соған) күтіп жүр. Олар уәделерінен еш таймады» (Ахзаб сүресі, 23-аят).

Құрметті, өр рухты Иран халқы!

Өткен түнде Тегеран мен еліміздің өзге де қалаларына жасалған сионистік қылмыстық режимнің жойқын шабуылының куәсі болдық. Бұл варварлық шабуыл бейкүнә балалар мен әйелдердің, жазықсыз азаматтардың, әскери қолбасшылар мен ядролық ғалымдардың шәһид болуына әкелді.

Халықаралық барлық міндеттемелерді аяққа таптаған бұл жауыз әрекет – сионистік заңсыз режимнің зұлым болмысын тағы бір дәлелдеді. Өйткені бұл режим өзінің болмысын басқыншылыққа, қантөгіске және балаларды қырып-жоюға негіздеген.

Кешегі шабуыл Ислам Республикасының жылдар бойғы «сионистік режим – табиғатынан агрессор әрі қылмыскер» деген ұстанымының ақиқат екендігін күллі әлемге паш етті.

Әлбетте, Иран халқы мен билік өкілдері бұл қылмысқа үнсіз қалмайды. Ислам Республикасының заңды әрі қуатты жауабы дұшпанның бұл ақымақтық әрекетіне өкіндіретіні сөзсіз.

Ұлы Имам Хомейнидің сөзімен айтқанда: «Бір қолбасшының қолынан ту құласа, оны басқа бір сардар көтеріп, майданға шығады».

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: