Иран мәдениеті мен өнері VII Eurasian Book Fair көрмесінде жұртты тәнті етті
VII Eurasian Book Fair 2024 көрме-жәрмеңкесі ағымдағы жылдың 17-21 сәуір аралығында Астана қаласының Конгресс орталығында болып өтті.
Бұл көрмеге отандық баспагерлермен қатар, Иран Ислам Республикасы, Түркия, Қытай, Испания, Өзбекстан, Ресей және Моңғолия сияқты шет елдер де қатысты.
Өткен жылғы көрмеде келушілердің жылы лебізіне бөленген Иран мәдени өкілдігі осы жылғы көрмеде де бұрынғы тәжірибелерін пайдалана отырып, тәулік бойы талпыныстарының арқасында ерекше белсенділік танытты.
Биылғы жылы Иран стендінде осы елдің тарихы, мәдениеті, өнері, әдебиеті, парсы тілі оқулықтары мен сөздіктерін қамтыған 100-ден астам кітап жұрт назарына ұсынылды. Олардың ішінен келушілердің ең көп қызығушығын тудырған қазақ және орыс тілдеріне аударылған Шахнама, Кабуснаме, Жақсы балаларға арналған жақсы ертегілер, Иран мен Дешті Қыпшақтың ріхани байланыстары мен Мәулананың кітаптарын атап өтуге болады. Соныме қатар, парсы тілін үйренуге қызығушылық танытқандар үшін Иранның әртүрлі оқу орындары ұсынған жаңа кітаптар қойылды.
Кітаптардан бөлек Иранның мәдени өкілдігі жылдағы дәстүріне сай каллиграфия және қолөнер салаларындағы ирандық танымал шеберлерді шақыртып, Қазақстан халқына Иранның төл мәдениеті және өнерін ұсынды.