Иран мәдени өкілі мен ҚР-ның Мәдениет және ақпарат министрлігі, Мәдениет комитетінің төрағасы м.а. кездесті
Иранның мәдени өкілі Әли Акбар Талеби Матин Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы м.а. Азамат Белкайыровпен кездесті.

Бұл кездесуде әдеттегі таныстырудан кейін Азамат Белқайров екі ел арасындағы қарым-қатынастардың тарихына тоқталып, Иран Ислам Республикасы біздің ұлы көршіміз және Иран Ислам Республикасымен қарым-қатынасымыз Қазақстан үкіметі мен халқы үшін өте маңызды екенін айтты. Ол жоғары мәртебелі кездесудің мәдени дипломатияның дамуына оң әсерін тигізіп, екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізгенін айтты. Ол: "Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі келесі айда Иран Ислам Республикасына сапар шегеді, сондықтан сізбен бүгінгі кездесу өте маңызды. Бүгінгі кездесуде біз ынтымақтастық салаларын және екіжақты қатынастарды дамыту үшін екі жақтың ұсыныстарын қарастырып, түпкілікті шешім қабылдауға тиіспіз" деп қосты. Ол Иранның Мәдениет және ақпарат министрінің тапсырмасы бойынша ынтымақтастық жолындағы мүмкін болатын кедергілерді анықтау және оларды жою шараларын қабылдау міндеті тұрғанын қосты. Бұл кездесуде мәдени жөніндегі кеңесші екі ел арасындағы қарым-қатынастың мәдени, тарихи және діни тамырларына тоқтала отырып, ынтымақтастықтың кейбір салаларындағы бар кедергілерді жоюды жеделдетуге шақырды. Ол Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігінің жоғары басшыларының арасында қарым-қатынастарды тереңдету және дамыту үшін қажетті ерік-жігер бар екенін, бірақ әкімшілік үдеріс өте ұзақ екенін және министрліктің түрлі құрылымдық бөлімшелеріндегі өзара қарым-қатынастарды дамытуға кедергілерді тез арада анықтап, жұмыс тобын құру арқылы жою қажет екенін айтты. Сөзінің тағы бір бөлігінде Иравнның мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрінің Иранға алдағы сапарына тоқталып, Ислам мәдениеті және байланыстар ұйымы екі ел арасындағы мәдени алмасу бағдарламасына қол қоюға дайын екенін жеткізді. Мәдени кеңесші Қазақстанның мемлекеттік жоспарлауы мен бюджетін құрудың нақты шарттарын ескере отырып, Қазақстандағы Иран мәдени апталығын өткізу уақытын, Ходжа Ахмад Йасауи кесенесін қалпына келтіру және Иранның ежелгі мұрасының сән-салтанатын паш ету мәртебесін, сондай-ақ, кино апталығын өткізуді, екі ел арасындағы мәдени алмасу бағдарламасын жүзеге асыру жолдарын талқылай отыра, тиісті үйлестіру және жоспарлау арқылы уақытында жүзеге асырылатынын тәлге тиек етті. Ескертпе: Мәдениет комитетінің жаңа басшысы ҚР Мәдениет және ақпарат министрімен кеңескеннен кейін Қазақстан Мәдениет министрінің Тегеранға сапары алдында мәдени қарым-қатынастарды дамытудағы кедергілерді анықтау және қажетті шешімдерді қабылдау үшін мүмкіндігінше тез арада бірлескен мәдени жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Пікір қалдырыңыз.