• Jun 17 2025 - 14:35
  • 7
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

Мұхаммад Мехди Иманипурдың әлемдегі дін жетекшілері мен діни ойшылдарға жолдаған үндеуі

Мейірімді әрі рақымды Алланың атымен бастаймын!

2025 жылдың 13 маусым, жұма күні таңсәріден бастап, сионистік басқыншы режимнің Иран Ислам Республикасының аумақтық тұтастығы мен ұлттық егемендігін өрескел бұзып, тұрғын үй массивтеріне, ядролық ғалымдар мен жоғары әскери лауазымды тұлғалардың үйлеріне шабуыл жасағанына және бейкүнә әйелдер мен балаларды қанға бөктіргеніне әлем куә болып отыр.

Бұл жауыздық – тек БҰҰ Жарғысын аяққа таптау ғана емес, сонымен қатар Иран Ислам Республикасына қарсы ашық агрессия болып табылады.

Әлем діндерінің құрметті жетекшілері мен ғұлама ойшылдары! 

Халықаралық ұйымдардың бұл жағдайға әрекетсіздігі - олардың дәрменсіздігін тағы да әшкереледі. Тіпті кейбір тараптар ақпараттық кеңістікті пайдалана отырып, басқыншылық пен қырғынды ақтап алуға тырысуда.

Құрметті жоғары мәртебелілер!

Сионистік режимнің Иранның бейбіт ядролық нысандарына жасалған вандалдық шабуылы - еленбей қалуы мүмкін емес оқиға. Бұл - аймақтағы тұрақтылықты шайқалтып, соғыс өртіне дем беретін әрекет. Мұндай жағдайда имандылыққа негізделген жауапкершілікті сезінетін әрбір тұлға бұл апатты тоқтату жолында нақты әрі жедел қадам жасауы тиіс.

Айта кету керек, Иран Ислам Республикасы өз егемендігін қорғауға толық қауқарлы. Соңғы күндері бұл заңсыз шабуылдарға тек ең төменгі деңгейде жауап беруге мәжбүр болды. Алайда мұндай бағыт - ниеті бейбіт, Құдай разылығын көздейтін Иран үшін қабылдауға тұрарлық жол емес.

Жоғары мәртебелі Ислам революциясының жетекшісі ядролық сала мамандарына жаппай қырып-жоятын қару жасауды қатаң түрде тыйым салған. Бұл - Иран Ислам Республикасының ізгі ниетін, адамгершілік пен діни қағидаттарға адалдығын айқын көрсететін дәлел.

Осыған орай, әлемдегі бейбітшілікті, халықаралық қауіпсіздікті басты құндылық деп білетін дінбасылар мен дінтанушылардан бұл жабайы шабуылды дереу айыптап, бұл арандатушылыққа қарсы бірігіп әрекет етуін сұраймыз. Себебі бұл қылмыс - тек аймақтық емес, жаһандық деңгейде бұрын-соңды болмаған қауіп төндіріп отыр.

 

Мұхаммад Мехди Иманипур

Иран Ислам Республикасының Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының төрағасы әрі Діндер саясаты және конфессияаралық диалогты үйлестіру кеңесінің басшысы

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: