• Mar 19 2022 - 17:04
  • 219
  • Оқу ұзақтығы : 2 minute(s)

Наурыз құтты болсын!

Наурыз ирандықтардың көне заманнан келе жатқан дәстүрлерінің бірі әрі әлемдегі ең дәл Жаңа жыл басы болып саналады.

Наурыз ирандықтардың көне заманнан келе жатқан дәстүрлерінің бірі әрі әлемдегі ең дәл Жаңа жыл басы болып саналады.

Иран мәдениетіндегі Наурыз мерекесіне қатысты үш жайтты атап өту керек: біріншіден, әр ұлт өз мәдениетінде өмір сүреді және өз мәдениетімен танылады. Өзінің тұлғалығымен танылып, өмір сүретін кез келген адам сияқты, мәдениет те халықтар үшін адамның тұлғалығы іспетті маңызды. Екіншіден, әдет-ғұрып пен салт-дәстүр кез келген мәдениеттің маңызды бөлігі болып табылады. Ал үшіншісі, Наурыз – Иран мәдениетінің өте маңызды дәстүрі. Өз мәдениетімізді жақсы тану үшін Наурыз мерекесін назардан тыс қалдырамауымыз қажет.

Наурыздың бірінші ерекшелігі – оның тарихы мен көнелігінде. Наурыздың бірнеше мың жылдық тарихы бар әрі Иранның ежелгі тарихынан бастау алады. Өткенге оралған сайын тарихымызда Наурыздың іздерін кездестіреміз. Бұл дәстүр әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді.

Наурыздың екінші ерекшелігі – оның географиялық ауқымында.

Ал үшінші қасиеті – шаттық мерекесі болуында. Қуаныш пен шаттық әлеуметтік құбылыс әрі белгілі бір тапқа, дінге немесе сенімге жатпайды. Бұл оның кеңірек таралауына  себепші болады. Наурыз – үміттің, оптимизм мен жақсылықтың қайнар көзі, сондықтан оны барлық адамдар қабылдап, құрметтейді.

Наурыздың маңызды аспектісі – оның астрономиялық аспектісі. Негізінен ежелгі адам аспанмен тығыз байланыста болған. Аспан ежелгі адам үшін бүгінгіден де маңыздырақ болды. Ежелгі адам көкпен үндестікте өмір сүрген. Ежелгі адам шоқжұлдыздармен сөйлесетін. Планеталардың, айдың және күннің қозғалысы егін салу және оны жинауға қолайлы уақытты анықтау үшін пайдаланылды. Үкіметтерге салықтарды жинау үшін күнтізбелер қажет болды, сондықтан күнтізбелерді реттеуде ай мен күннің қозғалысын назарға алып отырды.

Наурыздың мәдени сипаты бар тағы бір қыры – оның әртүрлі көне мифтермен байланысы. Мифтер ежелгі мәдениеттерден алынған. Миф – ежелгі адам санасындағы дүниетанымдық ойдың көрінісі.

Ирандағы жыл ауысуы мерекесіне қатысты әдет-ғұрыптарға көрісу, үйді безендіру, хафтсин дастарханын жаю, жаңа киім кию, құттықтау, сыйлық беру, татуласу, чаршанбе сури дәстүрі бойынша жылдың соңғы сәрсенбісінде көшелерде от жағу, бір-біріне су шашу, тәтті беру, сиздах бедар рәсімі бойынша жаңа жылдың он үшінші күні табиғатқа шығу, Наурыздың жаршысы саналатын Хаджи Фируз және тағы басқалары жатады.

Бұл рәсімдер әр аймақта әртүрлі өткізіледі. Ирандық және ирандық емес этникалық топтардың әртүрлілігіне байланысты Наурыз мейрамының салттары мен әдет-ғұрыптары да өте көп. 

Наурыздың кең ауқымды экономикалық әсері де бар және экономикалық өркендеуге себепші болады. Жеке және әлеуметтік психология тұрғысынан да  үміт және бақытпен қатар жүреді.

Ирандағы Наурыздың ең маңызды бөлігі - оның Хафт Син дастарханы. Жаңа жыл мерекесінде ирандықтарды ғасырлар бойы айналасына жинап, балғындық, қанағат, сүйіспеншілік пен мейірмділіктің символы ретінде кейбір жемістер мен азық-түліктерді қамтитын ирандық ХафтСин дастарханының құрамдас бөліктері осы сүйіспеншілікті, қанағат пен денсаулықтың адам өмірінің басты тіректері екенін және адам бір-біріне деген мейірімділік пен сүйіспеншіліксіз бақытқа жете алмайтынын көрсетеді.

Наруыздың өзіндік ерекшелігіне келсек, оның көнелігі мен бірнеше мыңжылдық сабақтастығын, оның шығу тегі тұрғысынан түсіндіруге болады; яғни, адамға және әлемге қайта өмір сыйлайтын табиғаттың берекелі құбылысы. Бұл мерекенің шығу тегі – құдайтың құдіретінің белгісі. Бұл мерекеге көңіл бөлу табиғатты жаратқанға назар аудару болып табылады, бұл жүректерді қуантады.

Иран Ислам Республикасында да Наурыз мейрамы құрметтеледі әрі осы елдің конституциясында жыл басы саналады.

Наурыз ирандық-исламдық мәдениеттің құнды болмысы мен ирандық этникалық топтар арасындағы бірліктің белгісі болып табылады. Бұл мерекені әр түрлі тілде сөйлейтін барлық халықтар құрметтейді. Наурыз әлемде жаһандық ықпалға ие болып, Иранның және Наурыз өркениетіндегі елдердің қолдауымен ЮНЕСКО-да екі рет тіркелді.

 

Наурыз құтты болсын! 

 

 

Али Акбар Талеби Матин

ИИР-ның ҚР-дағы елшілігінің

мәдени істер жөніндегі кеңесшісі

 

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: