• May 18 2022 - 14:57
  • 228
  • Оқу ұзақтығы : 6 minute(s)

Орта ғасырлық ақындарды ұлықтайды

Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матиннің 15 мамыр - Фердоусиді және 18 мамыр - Омар Хайямды ұлықтау күніне орай мақаласы Астана ақшамы газетінің интернет-порталында және Қожалар.кз сайтында жарық көрді.

Иран Ислам Республикасында жыл сайын орта ғасырлық ақындарды ұлықтау  күндерін атап өтеді. Мамыр айының 15 мен 18 –і де  ұлық ақындарды еске алып, олардың мұраларын  жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар өтікізіледі.  

 
 

Назарларыңызға Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Мәдени кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матиннің Иранның ұлы ақыны Хәкім Әбілқасым Фирдоуси мен Иранның ұлы философы әрі ақыны Хәкім  Омар Хайям туралы жазылған мақаласын ұсынамыз.

Фирдоуси – Иранның ұлы эпикалық ақыны. Фирдоусидің Шахнамасы Иран әдебиетінің мәдени болмысының бір бөлігі әрі ежелгі Иранның құнды құжаты болып табылады. Бұл ұлы ақын Иранның көне төл дастандарының ішінен ирандық батырлар жырларын жүйелеу арқылы әдебиетімізде өлмес туынды қалдырды. Әлемде Иран әдебиеті мен мәдениеті туралы сөз айтылса, оның себебінің бірі Фердоуси екені даусыз. Фирдоуси Шахнамасы – өткен ғасырлардағы Иран әдебиетінің алтын беті саналады әрі болашақта да солай болатыны сөзсіз. Бұл данышпан ақынның эпикалық жырлары хорасани стилінде жазылып, Фердоуси Шахнамасы осы ұлы данышпанның ең маңызды эпикалық туындысы болып табылады.

Иранның бай мәдениеті мен әдебиетінің бір бөлігі Фердоусиден бастау алады. Иран эпостық әдебиеті туралы сөз болған сайын Фирдоуси есімімен байланыстырылады. Фирдоуси өзінің Иранға деген сүйіспеншілігімен әрі өзінің діни және ахлақтық ілімдерінен шабыттанып, Иран тарихындағы ең биік эпикалық поэма «Шахнаманы» жазды.

Өлеңдерінде сатира, өтірік, жағымпаздық жоқ. Әбілқасым Фирдоуси – Иран эпикалық әдебиетіндегі ахлақ сүйгіш әрі өнегелі ақын. Фирдоуси көзі тірісінде Иран мәдениеті мен әдебиетінің тарихына мыңдаған кітаптан да артық әсер ететін шығармалар тудырған, ал Фирдоуси Шахнамасы – мифологиялық, қаһармандық және тарихи үш кезеңді бейнелейтін 60 мыңнан астам бейттен тұратын поэтикалық шығарма.

«Шахнама» кітабындағы жыр-дастандар бойында жақсылық пен жамандық, мейірімділік пен зұлымдық, хақ пен жалған арасында үздіксіз тартыста болады. Хәкім Фердоуси сөзінде өте жұмсақ әрі шабытты болған, сондықтан оны Хаким-е Сохан (яғни сөз данышпаны) деп атайды. Бұл атақты ақын «Шахнаманы» өте ұзақ, яғни отыз бес жылдан астам уақыт ішінде жазған. Ол араб тілін жетік білгенімен, «Шахнамада» араб тілінде бір ауыз сөз келтірмей, парсы тіліне деген құрметін паш еткен.

Ұлы Фирдоусидің туған жерін сүйгені сонша, оның барлық әдемі бейттерінде осы жайтты анық аңғаруға болады:

Иран болмаса, менің тәнім болмас еді.

Туған жерсіз бір де тән болмас еді.

Елді дұшпанға бергенше

Басқа бас, тәнді өлуге беру жақсырақ

«Фирдоуси Шахнамесі» – өлең жолдарында кейіпкерлердің ерлігін, батылдығын, діндарлығын сипаттайтын ұлттық жыр-дастандар мен патшалар тарихының жинағы.

Вебинардың тақырыбы «Фердоуси Шахнамасы және қазақ әдебиеті» болғандықтан, осыған байланысты бір ойыммен бөліскім келеді:

Өзлеріңіз білетіндей, Абай қазақтың ұлы ақыны әрі қазіргі қазақ әдебиетінің негізін салушы саналады. Қазақстанның ең маңызды ұлттық тұлғаларының бірі саналатын бұл ақынның Шығыс елдерінің әдеби шығармаларына, әсіресе Парсы тілдес ақын-жазушыларға ерекше ықыласы болған. Фирдоусидың ой-пікірі оның поэтикалық шығармаларына әсер еткені сонша, Шахнаманың көптеген тақырыптары мен мазмұны Абай шығармаларынан байқалады.

Мысалы, Фирдоусидің «Шахнамасының» әр жерінде ғылым-білімнің маңыздылығы мен құндылығы туралы айтылады, мысалы оның кіріспе жолдарынан келесіні  оқимыз.

Даналықпен ғана адам мықты бола алады

Даналықпен қарт жүрегі жасарады

Тағы бір жерінде былай дейді:

Білім мен дін сені құтқарудың дұрыс жолына салады

Қазақтың ұлы ақыны Абай өз қара сөздерінде жерлестерін ғылымға шақырып, ана тілімен қатар араб, парсы, орыс тілдерін де үйренуді тапсырады:

«Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді.»

Немесе келесі сөздерінде былай дейді:

«Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды»

Хәкім Фирдоуси «Ғаламның жақсы аты, мәдениеті мен әділдігінен басқа ештеңе үйренбе» деген сөзі мына ғаламынң тек ізгілігіне ере біл деп тұрғандай.

 

    Хәкім Әбул-Фатх Омар ибн Ибраһим әл-Хайям, «Хайям» деген атпен танымал ирандық философ, математик, астроном әрі ақын хижра қамари ж.с.б. 439 жылы Иранның Нишапур қаласында дүниеге келген.

      Хайямның төрттағандары әлемге әйгілі. Ақын жас кезінде философияда, астрономияда және математикада биік белестерден көрініп, медицинада шебер болды. Хайям – өз заманының ұлы философтарының бірі. Сондықтан барлығы оны имам, философ және хаж әл-Хақ сияқты ұлы атақтармен мадақтаған. Хайям – терең философиялық мәселелерді қарапайым тілмен айта білген ақын.

گردون نگری زقد فرسوده ی ماست          جیحون اثری زاشک پالوده ی ماست

دوزخ شرری زرنج بیهوده ی ماست           فردوس رحی زدقت آسوده ی ماست.

Көк күмбезі – адами болмысымыздың бүкірлігі болса,

Джейхун – көз жасымыздан шыққан елеусіз ағын,

Тозақ – бос азаптың отынан шыққан ұшқын болса,

Жәннат – біздің қысқа ғана қуанышымыз!

 

Сондай-ақ Хайям Нишапуридің құнды еңбектерінен өз заманында ғылыммен аты шыққан осы ақынның он екіге жуық шығармасын атауға болады. Омар Хайям астроном да болған. Иранда қазіргі таңда  қолданылатын күнтізбе осы шайырдың және бірқатар ғалымдардың еңбектерінің жемісі болып табылады. Селжұқтар дәуіріндегі Джалал ад-Дин Малек шахтың тұсында шайыр ойлап тапқан күнтізбе шахтың атымен «Джалали» деп аталған. Сондай-ақ, математика ғылымына қатысты жазылған «Джабр» кітабы – Хайямның маңыздың еңбектерінің бірі. Оның басқа еңбектерінің ішінде  «Евклидтің еңбегіндегі қиын мәселелерге түсініктемелер («Негіздерге түсініктеме»)», Философиялық трактат, Әл-жебр мен әл-мүкабала есептерінің дәлелдемелері туралы (Хайям әл-Жабр),  Даналық таразысы, Болмыс туралы, Омар Хайям төрттағандары жинағы және Жаратылыстану трактатын жатқызуға болады.

ХІХ ғасырда Хайямның төрттағандарын ағылшын ақыны Эдвард Фицджеральд аударып, осы ирандық философтың ұлы идеяларын әлемге таныта отырып, Хайямның ғылыми және әдеби орталардағы даңқын әлдеқайда асырды. Шайырдың өлеңдері көзі тірісінде халықтың арам пиғылына байланысты құпия сақталып, жинақталмаған, тек бір топ достарына ғана белгілі болған. Бірақ ол өмірден өткеннен кейін жинақ

болып жарияланған. Осы себепті, төрттағандарының саны және олардың кейбіреулерінің оған қатысы болуы және болмауы бойынша көптеген пікір келіспеушіліктер бар. Оның әдемі шығармаларында Хайямның қазіргі сәтпен өмір сүруді баса ұсынатынын анық аңғаруға болады. Бұл қазіргі заманғы көптеген психологтар жақсы өмір сүру үшін қолданып,  ұсынатын әдіс болып табылады.

از دی که گذشت هیچ از او یاد مکن          فردا که نیامدست بیداد مکن

برنامده و گذشته بنیاد مکن                    حالی خوش باش و عمر بر باد مکن

Өткенді еске алып қиналма,

Келмеген ертеңгі күнге алаңдама,

Өткенді, келмегенді тірек етпей,

Қазірмен жақсы бол, өмірді текке өткізбе.

 

Қолындағы барына шүкіршілік етіп, жоқ нәрсеге мұңаймайтын көңіл көтеретін өлеңдері адам жанына балдай жағады.

تا کی غم آن خورم که دارم یا نه              وین عمر به خوشدلی گذارم یا نه

پر کن قدح باده که مملو هم نیست          کاین دم که فرو برم بر آرم یا نه

Бұл өмірді қуанышпен өткіземін бе деп,

Қолымда бола ма жоқ па деп қашанғы қайғырамын,

Мына бос тостағанды толтырар кезде

Алған дем қайта шыға ма жоқ па ол да белгісіз.

 

Хайямның кесенесі Иранның Хорасан Разави провинциясының Нишапур қаласында орналасқан. Шайырдың қабірі Сейхун ұстаздың және көптеген ирандық суретшілердің асқан шеберлігінің арқасында бүгінгі күннің әдемі символдарының біріне айналды. Ғимараттың жоғарғы жағында 10 баған бір-бірімен тоғысып, Нишапур түндерінде жарқырайтын 5 бұрышты жұлдыз пішінін құрайды.  Бұл Хайямның астроном болғанының белгісі тәрізді.

Әли Акбар Талеби Матин,  

Иран Ислам Республикасының Қазақстан

Республикасындағы Елшілігінің Мәдени кеңесшісі

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: