• Apr 24 2023 - 18:03
  • 136
  • Оқу ұзақтығы : Less than one minute

Рамазан айына орай Астананың Әзірет Сұлтан мешітінде Иранның каллиграфия өнері көрмесі өтті

Иранның Қазақстандағы мәдени өкілдігінің талпынысымен Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінде Иранның каллиграфия өнері мен қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті.

Иранның Қазақстандағы мәдени өкілдігінің талпынысымен Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінде Иранның каллиграфия өнері мен қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті.

Иранның  Қазақстандағы мәдени өкілдігінің талпынысымен Астанадағы ең үлкен әрі маңызды мешіттердің бірі Әзірет Сұлтан мешітінде алғаш рет Иранның каллиграфия өнері мен қолөнер көрмесі өтті.

Бұл көрменің ашылу салтанатына Иран Ислам Республикасының Елшісі Әли Акбар Джоукар, мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матин, ҚМДБ өкілі, Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай және мешіт имамы Әділхан Серікбай мен бір топ жамағат қатысты.

Иранның каллиграфия шебері Муслим Сақо жиналған қауымға көрмеге қойылған туындыларды жеке-жеке таныстырып шықты.

Иранның Қазақстандағы мәдени істер жөнідегі кеңесшісі көрмені аралау кезінде: «Биыл Бас мүфтидің ынтымақтастығымен осы мешітте алғаш рет Иран өнер туындыларының көрмесі өтіп отыр. Бұл  Иран мен Қазақстан арасындағы әртүрлі салалардағы қарым-қатынастарды дамып жатқандығын көрсетеді.

Бас мүфти кеңесшісі де 2012 жылы Иранға сапармен барғанына тоқталып, аталмыш мешітте Иран өнерінің көрмесінің өткізіліп жатқанына ризашылығын білдірді.

Иранның каллиграфия өнеріне тәнті болған бұл мешіттің жамағаты өз есімдерін «насталиқ шекасте» стилімен жазуды өтініп, Иранның осы асыл өнерін естелік ретінде үйлеріне алып кетті.

 

 

 

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: