Қазақстанжа Жас діни лидерлердің ІІ форумы Иран өкілінің қатысуымен өтті

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Астанада «Жастар бейбіт қатар өмір сүру үшін: болашаққа бірлік» ұранымен жас діни лидерлердің екінші форумы ұйымдастырылды.
Форумға жас діни қайраткерлермен қатар, жастар қозғалыстарының өкілдері, ғалымдар, сарапшылар мен қоғамдық ұйымдар қатысты. Жиынға қатысушылар заманауи сын-қатерлерді еңсеру жолдарын талқылады.
Қазақстан Сенатының төрағасы әрі Съезд хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев форумды ашып, жаһандық мәселелерді шешуде жастардың белсенді рөліне тоқталды. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «қиын кезеңде қабырға емес, көпір тұрғызу қажет» деген сөзін мысалға алып, бейбітшілік пен өзара сенімнің маңызын атап өтті.
Қатысушылар жастардың тұрақты даму мен діни төзімділікті ілгерілетудегі стратегиялық рөлін ерекше атап, халықаралық деңгейдегі дінаралық диалогты нығайтудың қажеттігін жеткізді.
Айта кетер жайт, форумға Иран тарапынан Ислам мәдениеті мен байланыс ұйымының өкілі, доктор Яхия Жаһангири қатысты.
Форум соңында «Жастар бейбіт қатар өмір сүру үшін» атты қорытынды мәлімдеме қабылданып, онда әділдік, төзімділік және ынтымақтастық қағидаттарына адалдық білдірілді.
Пікір қалдырыңыз.