• Jan 21 2022 - 17:29
  • 481
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

Қожа Ахмед Яссауидің ой-пікірлерін зерттеу туралы халықаралық конференция өтті

Қожа Ахмед Яссауидің ой-пікірлерін зерттеу туралы халықаралық конференция аралас форматта 5 елдің мамандарының қатысуымен өтті

«Қожа Ахмед Яссауидің  Диуани Хикметі негізінде ой-пікірлеріне шолу және оларды зерттеу» халықаралық конференциясы әл-Мұстафа халықаралық университеті, ИИР-ның Қырғызстандағы мәдени  өкілдігі, ИИР-ның Қазақстандағы мәдени  өкілдігі, Еуразия ұлттық университеті, Қырғызстанның Ош университеті, Өзбекстан мемлекеттік университеті және Тәжікстан Ұлттық университетінің ғылым және мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен аралас форматта  20 қаңтар, бейсенбі күні өтті.

Бұл конференцияның ашылу салтанатында Әл-Мұстафа Халықаралық университеті жанындағы қысқа мерзімді білім беру институтының директоры Махмуд Ахмади Мианджи, Иранның Мәдениет және ислам қатынастары ұйымының халықаралық мәдени байланыстарды дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абольхасан Халадж Монфаред, ИИР-ның Қырғызстандағы мәдени  өкілдігінің басшысы Парвиз Ғасеми, ИИР-ның Қазақстандағы мәдени  өкілдігінің басшысы Али Акбар Талеби Матин, Ташкент мешітінің имамы Саййид Рахматулло Тирмизий, Әл-Мұстафа Халықаралық университетінің білім жөніндегі проректоры Сейед Хамид Джазаери өздерінің құттықтау сөздерінде Қожа Ахмед Яссауи ілімінің  халықтар арасындағы достық, бауырластық және бейбітшілікке тигізер орасан зор ықпалына тоқталды.

Конференцияның негізгі бөлімінде өздерінің зерттеу мақалаларын ұсынған  Әл-Мұстафа Халықаралық университетінің профессорлары Джафар Юсефи, Мохаммад Али Савади, Араз Мухаммед Сарли мен Тахмасб Хатами Верниаб, сондай-ақ, Қазақстанның еуразия ұлттық университеттерінің профессорлары Нұрлан Каирбеков пен Айна Кабылова, Мевлана Руми атындағы Халықаралық ғылыми-ағартушылық қорының президенті Бегижан Ахмедов, Өзбекстанның зерттеуші-жазушысы Бокир Шералиев, Тәжікстан ұлттық университетінің ғылыми кеңесінің мүшесі Изатулло Ибодзода, Қырғызстанның Ош мемлекеттік университетінің Шығыстану және тарих факультетінің деканы Жолдош Батанаев пен Әл-Мұстафа Халықаралық университетінің Қысқа мерзімді білім беру институты президентінің ғылым және білім жөніндегі орынбасары Саид Шамс Қожа Ахмед Яссауидің шығрмашылығы мен оның тариғатының Орталық Азия елдеріне тигізген ықпалына тоқталып, осы ғұламаның пәлсапалық мирасы, оның тариғаты мен ілімінің ахлақтық аспектілері, Яссауидің туындысы мен оның басып шығарылу тарихын зерделеді.  

Қатысушылардың ұсынысы бойынша конференцияға қатысқан барлық мақалалар ғылыми жинақ ретінде басылып шығатын болды. 

مدیر سایت

مدیر سایت

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: