• Apr 2 2025 - 17:06
  • 2
  • Оқу ұзақтығы : 2 minute(s)

ҚР-ның Ұлттық музейі директоры Иранға сапары алдында мәдени кеңесшімен кездесті

Иранның Қазақстандағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матин мен ҚР-ның Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы Астанадағы Иран мәдени өкілдігінде кездесіп, Берік Әбдіғалиұлының алдағы Иранға сапарын талқылап, осы сапардың түрлі аспектілеріне шолу жасады.

Берік Әбдіғалиұлы алдымен Иранның Мәдени істер жөніндегі кеңесшісіне Иранға сапары үшін жағдай жасау жолындағы игі істері мен талпыныстарына ризашылығын білдірді, бұл екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынастарды нығайту мен кеңейтуді қолдауға сәйкес келеді. Осы сапарында ол Иран Ұлттық музейінің басшысымен кездесіп, музейлермен танысады деп жоспарланған. Бұл сапардың маңыздылығына байланысты және мүмкіндікті пайдалана отырып, бірнеше мақсатты көздеді, оның ішінде Ұлттық музейден бөлек тағы бірнеше мұражайдың басшыларымен кездесуді көдеген. Олардың мақсаты – музейлер арасындағы ынтымақтастықтың аспектілері мен ауқымын, әсіресе Қазақстанның тарихи ескерткіштеріне қатысты, егер Иран мұражайларында осыған байланысты ресурстар мен дәлелдер болса, екіжақты іс-шараларды анықтауға, соның ішінде каталог дайындауға мүмкіндік беру. Оның пайымдауынша, егер ынтымақтастықтың өлшемдері сарапталып, екі тарап бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру туралы келісімге келсе, жұмыстың есептері мен нәтижелерін ҚР Мәдениет министріне көрсету және ұсыныстарды ұсыну арқылы біз оның қолдауына ие болып, ынтымақтастық мақсаттарына тоқтаусыз және тезірек жетуге қадам жасай аламыз. Ол сондай-ақ Иран Ұлттық музейі басшысының Қазақстанға осыған дейінгі сапары кезінде көтерілген бірі – Иранның Қазақстанда, екіншісі – Қазақстанның Иранның музейлік жұмыстарының екі көрмесін өткізу мәселесіне тоқталды. Осыны жүзеге асыруға дайын екендігін білдіре отырып, ол екі елдің осы көрмелерді қаржыландыруға, өткізу тәсілі мен сапасына қатысты ойлары мен ұсыныстарын ерекше атап өтті. Оның тағы бір ұсынысы музейлер арасындағы бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналды. Екі елдің жоғары лауазымды мамандарының қатысуымен Қазақстанда ірі ғылыми-тарихи конференция өткізу, сонымен қатар шетелдегі қазақтарды, оның ішінде Иранда тұратын қазақтарды осы елдегі тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына қатысты зерттеу оның қызығушылық танытып, көтерген ғылыми-зерттеу саласы болды. Мәдениет жөніндегі кеңесші Талеби Матин өз сөзінен кейін Қазақстан Ұлттық музейі басшысының Иранға сапарының шарттарына қанағаттанғанын білдіріп, оның ынтымақтастықты ілгерілетудегі қызығушылығы мен ынта-жігерін және бұл мәселені жеделдетудегі еңбекқорлығы мен байыптылығын жоғары бағалады. Қазақстан Ұлттық музейі басшысының ұсыныстарын құптап, Иранның басқа да бірнеше мұражайларының басшыларымен кездесуге жағдай жасауға көмектесетініне уәде бере отырып, ол басқа ұсыныстарды екі ел арасындағы ынтымақтастықты жалғастыру жолындағы тиімді қадамдар деп есептей отырып, өте сындарлы және оңды деп бағалады. Екі ел мұражайларының туындыларының көрмесіне қатысты Иранның ұлттық мұражайының Қытайда үш ай бойы болуы мен оның кең көлемде қабылдануына тоқталып, Иранның даңқ мұражайының Қазақстанда және Иранда Қазақ мұражайының көрмесін өткізу мәселесін байыптылық пен жылдам жүргізуге шақырды. Сонымен қатар, ол Қазақстанның Мәдениет министрінің өтініші бойынша ұсынылған ирандық сарапшылардың Ходжа Ахмад Йасауи шығармаларын қалпына келтіру жұмыстарын тағы бір мәрте атап өтіп, істі жеделдету және белгіленген мақсаттарға қатысты қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін нақты мерзім мен мерзім белгілеп, байыппен қарауға шақырды. Осы кездесудің соңында еліміздің мәдениет кеңесшісі ҚР Ұлттық музейінің басшысына сапарының жемісті де сәтті өтуін тілеп, естелік сыйлық та табыс етті. 

Айта кетейік, Иранға ҚР Ұлттық музейінің басшысымен бірге Ұлттық архив орталығының басшысы мен Қазақстанның Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары да барады.

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: