Ирандық миниатюра өнері
Ирандық миниатюра өнері
Сурет салудың бұл түрінде әдеттегі сурет салу тәсіліндегі түзу сызықтар қолданылмай, өте нәзік қаламмен күрделі суреттер салынады. Осы нәзік әрі әдемі өнер түрінің суреттер мен қолжазбаларда қолданылып келе жатқанына ғасырлар болды. Бұрынғы кезде парсы тіліндегі әдеби кітаптарда аңыз-әңгімені суретпен бейнелеу үшін пайдаланылатын. Кейде тіпті суреттің жоғарғы немесе төменгі жағында келтірілген бірнеше бәйіт суреттің мазмұнын ашып, ондағы кейіпкерлерді сипаттайды. Қазір миниатюра өнері Иранда кең таралып, өнер мектептері мен университеттерінде пән ретінде оқытылады. Әлемнің ірі мұражайларынан осы өнермен салынған нәзік әрі құнды туындыларды көре аласыздар. Иранның миниатюра өнерінің ең көрнекті өкілі деп атауға болатын қазіргі кездегі шеберлердің бірі – Махмуд Фаршчиан. Бұл ирандық суретші қазіргі кезде Еуропа мен Иранның беделді мұражайларында сақталған аса нәзік әрі теңдессіз туындылардың авторы.
Ұстаз шамси жыл санағы бойынша 1308 жылы (1929 жылы) Исфаханда суретшілердің отбасында дүниеге келген. Кілемдердің суретін жобалаушы болған әкесі өз баласын Исфахандағы өнер ұстаздарынан білім алуға жібереді. Фаршчиан Исфаханның көркем өнер мектебінде білім алғаннан кейін Еуропаға барып, түрлі өнер саласында білім беру орталықтарынан дәріс алғаннан соң Иранға қайтып оралады. Фаршчиан өзінен ғажайып еңбектер қалдырды. Ол кейбір туындыларын Мешхедтегі имам Резаның кесенесі мен Иран мен Еуропаның бірнеше мұражайына сыйлады. Фаршчиан сурет өнері саласында Иран мен Италия және Бельгия сияқты елдерден көптеген жүлде алды. Осы шебердің еңбектерінің жиынтығы Иран мен ЮНЕСКО ұйымының мұрындық болуымен басылып шықты. Оның ойынша бұл шебердің ирандық миниатюра өнерінде өзіндік стилі бар. Өнерпаздар өздерінің бірегейлігін пайдалана отырып, өз елдерінің мәдениетінің терең мазмұнын көрсете білуі керек. Бұл ирандық шебер қазір өнердің осы түріне қызығушыларға академиялық деңгейде білім береді. Ирандықтар мен сурет өнерін сүйетін қауым ол кісіні өте мақтан тұтады.
Атауы | Ирандық миниатюра өнері |
Ел | Иран |
Түрі | Миниатюра |
Шыққан жылы | Mar 16 2022 |