Илам қаласы

Илам қаласы

Илам қаласы

 "Илам" биік таулы жер деген мағына береді. Вавилондық жазбаларда Илам "Аламту" немесе "Элам" деп те аталып, таулы жер немесе "Күн шығатын ел" деген мағына береді. Бұл жасыл аймақ ежелгі заманда "Ариуджан" деген атпен танымал болған. Бірақ қазіргі Илам Хусейнабад ауданында х.ш.ж.с.б. 1308 жылы жаңадан салынған. Илам таулардың арасында орналасқандықтан айналасындағы қалаларға қарағанда қоңыржай ауа райына ие. Илам – Иранның батысындағы дамыған қалалардың бірі. Демалыс орындары мен тарихи ескерткіштердің көп болуына байланысты бұл қалаға туристер көп келеді. Мысалы, "Таджариан" орманды демалыс орны жайлаудағыдай жайлы ауа райына ие. Иламның өте әдемі де жайлы "Чақасабз" орманды саябағының ауданы 4000 гектар. Онда емен, пісте, долана, шырша, сауырағаш, қараған, тау миндалі, жаңғақ ағаштары өседі, әупілдек сияқты сирек кездесетін әдемі құстар мекендейді.

Илам қаласына барғанда көзімізге түсетін алғашқы панорама – жап-жасыл төбе. Ол қалада жүзіктің тасындай жарқырайды. Бұл көне төбе "Харгушан" (Қоянтөбе) немесе "Шаһед" төбе деген атпен танымал. Бұрынғы заманда қоянның әралуан түрлері мекендейтін жер болған. Шын мәнінде ол бір орманды төбе. Төбенің үстіне қарай жүргенде жайпақ жерге жетесіз. Иламның осы нүктесіне жеткенде қала аяғыңыздың астында қалады. Сол себепті жергілікті халықтың біразы "Қоянтөбені" Илам төбесі (шатыры) деп атайды. Бұл төбенің сұлулығын баяндау бір бөлек. Кеңістікті жайлаған тыныштық пен қаладағы қарбаласты тамашалау сіз үшін қызық қарама-қайшылық тудырады. Таза ауа жұту жаныңызды тазартады. Қоянтөбенің көгінде ұшқан құстарды тамашалау рухыңызды шаттандырады.   


Иламдағы Харгушан төбесі

Қиран қамалы – Илам қаласының тағы бір тартымдылықтарының бірі. Ол Қиран тауының басына салынған. Тау өте әдемі орманды ауданға жапсарлас жатыр. Орман "Шешдар" немесе "Шешдан" деген атпен танымал. Ашканилер дәуіріне тиесілі қамал ғимаратының құрылысы ислам келгеннен кейінгі тарихи замандарға жатады. Қамал орналасқан тау Илам қаласы үшін әдемі панорама тудырған. Ол Иранның ең жақсы таулы жерлерінің бірі саналады.

Иламның Қиран қамалы

Иламнан 5 км жерде орналасқан табиғи тартымдылықтардың бірі – "Арғаван" таңғажайып сайы. Жыл сайын көктем айымен бір мезгілде Иламның "Арғаван" сайы табиғи бояулар сұлулығының шарықтау шегіне жетеді. Бұл әдемі сай күлгін жапырақты гүлдеген ағаштарға толы болады. Жасыл емен ағаштарының арасында долана бұталарының сары жемістері таңғажайып күйде көздің жауын алады. 

"Жұмақ үнгірі" деген атаумен танымал "Зинеһан" үңгірі Иламның Салехабад ауданында орналасқан. Ол міндетті түрде көрілуі тиіс жер. Оның  "Жұмақ үнгірі" деп аталуының себебі  суық та ылғалды ауа райына байланысты. "Жұмақ үнгірі" төбесі ашық үңгір. Оның ұзындығы 1 км-ден асады. Үңгірдің іші суға толы. Суға толы дәліздерде сталактиттер мен табиғи шөгінділер көп. Үңгірдің ішінде табиғат жасаған таңғажайыптар жетерлік. Мысалы, тастардың түстері, ирелең жолдар, үңгірдің төбесіндегі бөліктердің бір-біріне қабысқан тұстары. Бұл үңгірдің басқа бір әдеміліктері ретінде қырыққұлақ, балдыр сияқты түрлі өсімдіктер мен гүлдерді атауға болады.

Тура осы ауданда "Чам-е у" деп аталатын ауылға жетер алдында  "Чам-е у" атты сарқырама орналасқан. Ол өте жоғары биіктен құлдилап ағып жатыр. Бұл сарқыраманың суы қысқа қашықтықты өткеннен кейін "Гедархуш" өзеніне қосылады. "Чам-е у" сарқырамасынан ары жүріп, бір ауылдан  өткеннен кейін басқа бір маусымдық сарқыраманы көресіз. Ол жарты ай пішінді жартастан құлдилап ағып жатыр. Үш сатыдан тұрады. Оның табиғи сұлулығы шынымен-ақ көруге тұрарлық.

Иламның "Гячан" ауданында да ерекше тартымды жерлер бар. Ол салтанатты емен ағаштарына толы. Ол аспанмен астасқан "Манашт" пен "Қалаче" таулары және осы аттас сұлу сайға жапсарлас орналасқан. Гячан сайында суы мол бұлақтар ағып жатыр. Бұлар Гячан әдемі сарқырамасын құрайды. Бұлақтың тұщы суы жақын ауылдардың тұрғындарының тұтынуына және жеміс-жидек бақтары мен жаңғақ ағаштарын суаруға қолданылады.

Атауы Илам қаласы
Ел Иран
ОблысИлам
ҚалаИлам

[Көбірек]

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: