Кашандағы тарихи Ахаван үйі
Ахаван үйі – Кашан қаласындағы жұмбақ үйлердің бірі. Үй Аға Бозург мешітінің дәл артында орналасқан. Әдемі Кашан қаласы үлкен және ескі үйлерімен әйгілі Иранның ең тарихи қалаларының бірі болып саналады. Бұл үйлер уақыттың өтуімен және қаладағы өзгерістермен өзінің тарихи ерекшелігі мен дәмін сақтап қалған бірегей және құнды ирандық сәулет өнерін білдіреді.
Бұл үйдің иесі Ахаван отбасы және бұл әйгілі ғимарат Кашанның тарихи контексінде орналасқан. Басында таң қалуыңыз мүмкін, бірақ Ирандағы дәстүрлі үй болғанымен, тарихи Ахаван үйі Кашандағы басқа тарихи үйлер сияқты ескі емес. Үй саманнан салынғандықтан, бәрі оны Кашандағы тарихи және ерекше ғимарат деп ойлайды. Бұл үйдің тарихы 1990 жылдардың басынан басталады. Оқиға Тебриздік сәулетші және реставратор инженер Киареш Ехамидің кашандық достарының бірінің ұсынысы бойынша толығымен қирауға жақын тұрған тарихи үйді сатып алуға бел байлауынан басталады. Бұл сәулетші өзінің сәулет тәжірибесі мен талғамын пайдалана отырып, оның өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, қалпына келтіруге тырысады және бұл бастамасын сәтті жүзеге асырады. Үй бұл фотосуреттерде көрінбейтін негізгі бөліктен және тек қирандылары қалған ауладан тұрды. Бастапқы келбетін сақтай отырып, негізгі бөлігін қалпына келтіріп, қираған ауланы бой көтертті.
Үйді кейіннен Теһраннан шыққан және Кашанның тарихи контекстіне құмар парсы табиғи талшықтан киім тігетін танымал кәсіпкер Бабак Ахаван сатып алды. Ол қазір сол атпен белгілі.
Бұл үйдің ауданы 450 шаршы метр. Сәулет өнерінде қолданылған қисық сызықтар бұл үйді ерекше етеді. Ахаван үйі заманауи және дәстүрлі архитектураны біріктіреді.
Атауы | Кашандағы тарихи Ахаван үйі |
Ел | Иран |