
Шираз туристер үшін тамаша орын
Шираз өзінің табиғи, рекреациялық, тарихи және діни көрікті жерлеріне байланысты туристер үшін ең жақсы бағыттардың бірі болып табылады. Сондықтан жыл сайын Ираннан және әлемнің әртүрлі елдерінен көптеген туристер осы қаланы баруға тұрарлық жер ретінде таңдайды.
Шираздың тарихи көрікті жерлері бірнеше мың жылдық тарихты қамтиды. Табиғи тұрғыдан алғанда, бұл қаланың бақтары Ирандағы ең әдемі бақтардың бірі болып саналады және олардың кейбірі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелген. Шираз Иранның діни қалаларының бірі болып саналатындықтан, діни көрікті жерлері тұрғысынан бұл қалада тамашалайтын орындарды табуға болады. Мұнда біз Шираздың ерекшеліктерімен танысамыз және осы қаланың көрікті жерлеріне қысқаша шолу жасаймыз.
Шираздың географиялық орны
Фарс провинциясының орталығы ретінде Шираз Иранның ең маңызды қалаларының бірі болып саналады. Бұл қала теңіз деңгейінен 1543 метр биіктікте орналасқан және таулармен қоршалған. Бұл көрініс Ширазды тартымды табиғи көрікті жерлерге айналдырды. Шираздың ортасынан маусымдық өзен өтеді, онда жаңбырлы маусымда су ағады.
Шираздың жылдық орташа температурасы 18 градус Цельсий, орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 337 мм. Шираз Тегераннан 930 км қашықтықта орналасқан және оған құрлық, әуе және теміржол арқылы баруға болады.
Шираз қаласының халқы және шаруашылығы
Ширазда екі миллионға жуық халық бар, сол үшін де Ирандағы халқы ең көп алты қаланың бірі болып саналады. Цемент, химиялық тыңайтқыштар, қант, ағаш, мата және мұнай өнімдері осы қаланың маңызды өнеркәсіп өнімдерінің бірі болып табылады. Шираз Ирандағы электронды өнімдер шығаратын негізгі орталықтардың бірі ретінде танымал.
Шираз қаласының тарихы
Шираз атауы біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жылдарға жататын жазба ескерткіштерде кездеседі, бірақ мамандардың айтуынша, бұл қала 7000 жыл бұрын пайда болған. Ахеменидтер дәуірінде (б.з.б. 550-330 жж.) Шираз Сусадан Персеполис пен Пасаргадқа дейінгі саяхат жолындағы қала болды, сондықтан оның географиялық маңызы зор болды. Шираздың маңыздылығы кейінгі тарихи кезеңдерде сақталып, бірнеше әулет оны өз билігінің орнына айналдырды. Моңғолдардың Иранға шабуылында (1219 ж.) Шираз аман қалды. 14 ғасырда Шираз ирандық өнер тұлғалары мен ақындардың өсіп-өнген жері болды, Хафиз, Саади сияқты ұлы ақындар сонда пайда болды.
Бірте-бірте талай асулар мен құлдыраулардан кейін бұл қала өзінің гүлденген кезеңінен алыстап кетті, бірақ біздің заманымыздың 1759 жылы Кәрім хан Занд патша болып, Ширазды өзінің астанасы еткеннен кейін бұл қала қайтадан гүлденді.
Шираздың тарихи көрікті жерлері
Парсы тілдес екі ұлы ақын Хафиз бен Саадидің бейіті Шираздың тарихи көрікті жерлерінің бірі болып табылады. Базар, хамам және Вакил мешіті де Кәрім хан Занд тұсында салынған Шираздың маңызды үш туындысы. Насыр әл-Мүлк мешіті, Джаме Атик мешіті және Шахчераг храмы осы қаланың тарихи және діни көрікті жерлерінің бірі болып табылады.
Кәрімхан билігінің орны болған Шираздың тағы бір табиғи көрікті жері – Кәрімхани қорғаны. Назар бағы, Эрам бағы, Джаханнама бағы, Чихелтон бағы, Делгоша бағы, Наренджстан бағы және Афифабад бағы Шираздың әсем табиғатын көрсетеді. Шираздағы Назар бағы және Афифабад бағы сияқты кейбір бақтар қазір музей ретінде пайдаланылады.
Сондай-ақ Ширазда Қавам үйі, Салехи үйі, Шапури сарайы, Зейнтул Молк үйі және Мошир үйі сияқты музей үйлер бар. Аға Баба хан мектебі мен Құран қақпасы да Шираздың маңызды тарихи көрікті жерлері болып табылады.
Шираз маңындағы тарихи көрікті жерлер
Шираздан тыс жерде көптеген көрікті жерлер бар, олардың қатарында Персеполис, Раджаб, Ардешир сарайы, Бишапур ежелгі қаласы, Шапур үңгірі, Тен Шоган рельефтері және Ростам. Бұл ғимараттардың әрқайсысы мыңдаған жылдық тарихты баяндайды.
Табиғи көрікті жерлер
Шираздың географиясы көптеген табиғи көрікті жерлерге баруға мүмкіндік береді. Танг Дем Эсб сарқырамасы, Кохмера Сорхи сарқырамасы, Барам Делак, Бемо ұлттық саябағы, Шираз құстар бағы, Пир Бенаб бұлағы, Дашт Аржан көлі, Махарло көлі және Калат ауылы Шираздың табиғаты мен пейзаждарын тамашалауға болатын Шираздың көрікті жерлері.
Атауы | Шираз туристер үшін тамаша орын |
Ел | Иран |
Облыс | Фарс |
Қала | Шираз |
Түрі | Тарихи,Дін, |





