Алламе Табатабаии атындағы университет
Алламе Табатабаи атындағы университет – Иранның ірі ЖОО-ның ондығына кіретін бұл университет гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы ең үлкен ғылыми-зерттеу орталығы әрі мемлекеттік университет болып табылады.
Университет тарихы 20 ғасырдың ортасынан бастау алып, 1957 жылы құрылған Мұнай өнеркәсібінің есеп және қаржы институтының қызметімен тікелей байланысты.
Ирандағы Ислам революциясынан кейін 27 тәуелсіз жоғары оқу орындарының бірігуінен екі университеттік кешен құрылды - әдеби-гуманитарлық және экономика мен менеджмент. Олар 1984 жылы Мәдени революция Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен бір оқу орнына біріктіріліп, оған теолог және философ Аятолла Сейед Мохаммад Хоссейн Табатабаидың аты берілді.
Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы 18 мыңнан астам студентке сабақ беретін 524 оқытушыдан тұрады.
Университеттегі 10 факультет, 1 колледж және 1 институтта бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлері бойынша білім беру жүзеге асырылады.
Университет студенттермен алмасу және бірлескен ғылыми және білім беру жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асыру саласында халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Бүгінгі таңда университет 17 елдің әртүрлі университеттерімен ынтымақтасады, соның ішінде Қазақстанның Еуразия ұлттық университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетімен тығыз қарым-қатынас жасауда.
Атауы | Алламе Табатабаии атындағы университет |
Ел | Иран |
Түрі | Үкіметтік |
Студенттердің жалпы саны | 18000 |
Сайт | https://atu.ac.ir/en |