жылдығы мерекесі аясында Сағди күніне арналған әдеби кеш өтті
19 сәуір күні Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығы мерекесі аясында Сағди күніне арналған әдеби кеш өтті. Әдеби кешке Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Мохсен Фағани, Тәжікстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Равшан Бобохонзода, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы жанындағы Мәдени орталық директоры Хоссейн Ағазаде, «Тұран-Иран» зерттеу орталығының директоры Ислам Жеменей, Шығыстану факультеті деканы Наталья Ем, сонымен қатар профессор-оқытушылар, шығыстанушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. Шығыстану факультетінің деканы Наталья Ем Сағди Ширази шығармашылығына тоқталып, ақынның «Гүлстан» және «Бустан» шығармаларына ерекше тоқталды.
19 сәуір күні Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығы мерекесі аясында Сағди күніне арналған әдеби кеш өтті.
Әдеби кешке Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Мохсен Фағани, Тәжікстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Равшан Бобохонзода, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы жанындағы Мәдени орталық директоры Хоссейн Ағазаде, «Тұран-Иран» зерттеу орталығының директоры Ислам Жеменей, Шығыстану факультеті деканы Наталья Ем, сонымен қатар профессор-оқытушылар, шығыстанушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.
Шығыстану факультетінің деканы Наталья Ем Сағди Ширази шығармашылығына тоқталып, ақынның «Гүлстан» және «Бустан» шығармаларына ерекше тоқталды.
Өз кезегінде ИИР-ның Алматы қаласындағы Бас консулы Мохсен Фағани Сағди шығармашылығының адамгершілік сипаты, «заттың өлшемін» түсінуге, парасаттылық пен басқаларға жанашырлық сезімін ұялатуға ұмтылуы оның шығармаларын бүгінгі таңда танымал етіп отырғанын атап өтті.
Мәдени орталық басшысы Хоссейн Ағазаде Сағди Ширазидің шығармашылық мұрасының ерекше құнды екенін атап өтті. Оның шығармалары өзектілігін, маңызын жоймай, жас ұрпақты тәрбиелейтінін, Сағдидың мұрасын ары қарай насихаттау керектігін айтты.
Сонымен қатар, шараға Тәжікстаннан докторант Субхониддин Джамол, Ираннан доктор Шакиба және Pars Today агенттігі қызметкері Гаухар Омарханова қатысып, ақынның әлем әдебиетіне қосқан зор үлесі, қазақ тіліне аударылған материалдары мен жаңа ғылыми еңбектері туралы әңгімеледі.
Сосын студенттер парсы тілінде Сағди Ширазидың өлеңдерін оқыды.